§ 13. й әрпі қысаң ы, і дыбыстарынан басқа (тый, сый сөздерін қоспағанда) дауысты дыбыстардан кейін жазылады. Мысалы: ой, ай, кей, құй, күй, әй, ой, магний, калий, санаторий, сценарий, комментарий, Маяковский.
§ 14. х әрпі мынадай орындарда қолданылады:
а) орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, хлор, архео- логия, бухгалтер, цех, хирург, зоотехник;
ә) араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалпы, жалқы есімдерде жазы- лады. Мысалы: хал, хат, халық, тарих, кітапхана, асхана (ондай сөздердің тізімі емле сөздіктерінде беріледі); Хамит, Ахмет, Халел.
§ 15. һ әрпі араб, парсы тілінен енген сөздерде дауысты аралығында және у дыбысы мен дауысты арасында, сондай-ақ одағайларда жазылады. Мысалы: қаһарман, қаһарлы, ене, гауһар, уһ, аһылады, уһіледі.
3. ь, ъ белгілерінің қолданылуы
§ 16. ь, ъ таңбалары орыс тілінен енген сөздерде айыру және жіңішкелік белгісі ретінде ғана жазылады. Мысалы: съезд, объект, субъект, альбом, асфальт, вексель.
- ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
§ 17. Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылмай, негізгі тұлғалары сақталып жазылады. Мысалы: ала am (алат емес), бара алмаймын (баралмаймын емес), көк орамал (көг орамал емес), ақ лақ (ақ лақ емес) барса игі еді (барсигеді емес) келсе игі еді (келсигеді, келсегеді емес), барып па екен (барыппекен емес)
§ 18. Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы, негізінен, орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады. Мысалы: вагон, паровоз, гидрология, биология, комитет, агроном, агротехника, педагог, медицина, спорт, хирург, конституция, клуб, кино, радио, адвокат, планета, молекула, бюджет, банк, транш.
Ескерту. сс, лл, кк, тт сияқты қосар әріппен келген кірме сөздердегі екі әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: прогресс - прогреске, металл- металдар, грамм - грамы, балл (баға) - бес балдық жүйе, Донбасс - Донбастан.
Ал орыс тілінен енген бірқатар кірме сөздер, әсіресе тұрмыс-салтқа қатысты зат, бұйым атаулары ерте кездерден дыбысталуы қазақша қалыптасқан түрінде жазылады. Мысалы: жәшік, бәтеңке, сіріңке, божы, бөкебай, бөшке, қалаш, шөген, кір (гиря), келі (кило), сот, болыс, облыс, зауыт, тауар (бұл түркі тілдерінің өз сөзі). Соңғы дауысты дыбысын түсіріп қалыптасқан газет, минут, гранат, цифр, координат сияқты он шақты сөзден басқа кірме сөздерде соңғы а дыбысы түсірілмей қолданылады және солай жазылады: оптика, кантата, капсула, тирада.
§ 19. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер, негізінен, қазақша дыбыс- талуы бойынша жазылады. Мысалы: әділ, амал, пейіл, ақпар, әлем, мектеп, пән, кітап, бұқара.
Кірме араб сөздерінің ішінде екі-үш түрлі мағынаны білдіру үшін түлғасын сәл өзгертіп қалыптастырылғандары сол екі-үш вариантта жазылады. Мысалы: үкімет және өкімет, хабар - ақпар, әрекет - қарекет, пейіл - пиғыл, ақирет - ақырет (кебін), мәлімет - мағлұмат, қазына - қазине (қазинелі қара нар), қазір - әзір, қақы - ақы - құқы, хақ - ақ, ғашық - асық, ғылым - ілім.
Араб, парсы тілдерінен енген бірқатар кісі аттары әркімнің әртүрлі ат қоюына байланысты сол қалыптасқан күйінде жазылады. Мысалы: Хасан,
Хасен; Зәуре, Зура, Зухра; Бәтима, Фәтима, Пәтима; Қали, Ғали, Әли, Әлі; Жүсіп, Түсіп, Нүсіп; Омар, Ғұмар.
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
§ 20. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.
§ 21. Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажырататын белгілерін білдірсе, олар бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді. Мысалы: ағаш күрек, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.
Ескерту. Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық, шайқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шыға- беріс, қолайна, қолара т.б.
§ 22. Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ шабдар.
Достарыңызбен бөлісу: |