Орфографиялық СӨздік



бет132/132
Дата01.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#54172
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік

Қазақстан Республикасы Президенті, Халық Қаһарманы;
ә) мемлекеттердің, республикалардың, жоғарғы мекемелер мен ұйым- дардың күрделі атауларының әр сөзі бас әріппен жазылады: Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы.
Ескерту. Әртүрлі мекемелердің, білім-ғылым орындарының, партия- лардың, ұйымдардың, бірлестіктердің, қорлардың т.б. күрделі атауларының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Сыртқы істер министрлігі, Ғылым академиясы, Тіл білімі институты, Ұлттық банк қоры.
§ 49. Бірінші әріптерден қысқарған мемлекет, үлкен халықаралық ұйым т.б. күрделі атауындағы әрбір сөздің бірінші әрпі бас әріппен жазылады. Мысалы: ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) ҚР (Қазақстан Республикасы), БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), ҚХР (Қытай Халық Республикасы).
Ескерту. Әріптерден қысқарған сөздердің бірқатары өзге тілдердегі тұлғасымен қолданылады: НАТО, ЮНЕСКО, ГУЛАГ, УАЗ (автомәшенасы).
Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен қысқарып жасалған сөздердің қысқарған буынының алғашқы әрпі бас әріппен, қалған әріптері кіші әріппен жазылады. Мысалы: ҚазТАГ— Қазақ телеграф агенттігі, ҚазҰУ - Қазақ Ұлттық университеті.

СӨЗДЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАНУЫ


§ 50. Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөз буын жігіне карай тасымалданады. Мысалы: ала-қан, ор-на-лас-ты-ру.


§ 51. Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді буындағанда, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: да-уыс (дау-ыс емес), са-уат (сау- ат емес), да-йындық (дай-ындық емес), құ-йын (құй-ын емес). Ал үу, үу, ый, ій дыбыстар тіркесінің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздер тасымалданғанда, тасымал жігі дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады. Мысалы: бу-ын, су-ық, қу-а-қы, қи-ын, ти-ын, жи-ын (тасымалданудың бұл түрі
қазақ сөздері буындалуының табиғатына қарай емес, қос дыбысты и, у деген жалаң таңбалармен жазуға байланысты қолданылатын шартты ереже).
Ескерту. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін шығарып тасымалдау керек. Мысалы: құмырс-қа (құмыр-сқа емес), күңгірт- теу (күңгір-ттеу емес), жаңғырт-ты (жаңғы-ртты емес).
§ 52. Жазып келе жатқанда жолға сыймаса, мынадай орындарда тасымал жасауға болмайды:
а) екі, үш не одан да көп әріптерден құралған бір буынды сөздер жеке тұрғанда тасымалданбайды. Мысалы: ай, күн, вольт, кварц, пункт;
ә) сөздің жеке әрпін сол жолдың өзінде қалдыруға да, келесі жолға тасымалдауға да болмайды. Мысалы: ара (а-ра, ар-а емес), аяқ (а-яқ емес), алақан (а-лақан емес);
б) бас әріптен қысқарған сөздерді бөліп тасымалдауға болмайды.
Мысалы: БҰҰ (Б- ҰҰ немесе БҰ-Ұ емес);
в) кісі атының қысқартылып алынған әрпін (инициалдарын) фамилиядан айырып, сол жолда қалдырмаған да, екінші жолға көшірмеген де дұрыс: А.С.Пушкин, Л. Н. Толстой, М. О. Әуезов;
г) цифр арқылы таңбаланатын сандарды оларға қатысты қысқарған атауларынан бөлмей тасымалдаған жөн. Мысалы: 25 га (25-га емес, 50 см (50- см емес), 50% (50-% емес).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет