> содыр, экстремизм > содырлық, территория > аумақ, зона > аймақ, регион > өңір, пения > өсімпұл, турник > белтемір, штанга > зілтемір, стаж > өтіл т.б.;
ұлттың азаматтық тарихындағы ерекше уақиғаларды, соларға катысты жайттарды арнайы мамандандырылған сөзбен атауды керексінгеннен:оралман, желтоқсаншылар, ауғаншылар(ауған соғысының ардагерлері), ұлан, байрақ т.б
қоғамдық сананың бір түрі ретінде діни сананың жаңғыруына байланысты діни мазмұндағы сөздердің әлеуметтік мән алуынан: ахлақ, аятолла, ифтар, мәзһаб, Барат түні, Қадір түні, Миграж түні, Рағайып түні, инсан, ғұсыл, нәпіл, жәһид, Мәуліт, намазжай т.б. туындап отыр.
Негізінен осындай себептер арқылы пайда болған жаңа қолданыстар қазақ әдеби тілінің кітаби сөз жанрларының лексика-фразеологиялық жүйесін байытып, сөздің кітабилік нышанын айқындай түсті. Сөздікте сыртқы әсердің күшімен болған мұндай жаңалықтарға едәуір орын берілді. Посткеңестік кезеңде әдеби тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде ғылым, білім, каржы, құқықтық қатынас, медицина т.б. салалармен байланысты жаңа атаулар, жаңғырған сөздер, терминдердің саны қауырт көбейе түсті. Біралуан сөздің тіркесу қабілеті артып, семантикалық өрісі кеңейді: азаматтық қоғам, балама ұсыныс, балама оқулық, төлтума оқулық, төл оқулық, тіркеу орны, орнықты мүлік, зайырлы мемлекет, әлеуметтік дәйексіздік т.б. Бұлар сыртқы күштің әсерінен болып жатқан жаңалықтар болса, сондай-ақ тілдің ішкі құрылым жүйесінің даму үрдісін аңғартатын сөздер де Сөздікте едәуір қамтылды.
Әдеби тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінде стандарт, штамптар тәрізді бірліктердің қатары бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көбейе түсті: ашық қоғам, азаматтық бірегейлену, бағалы қағаздар, кешенді тестілеу, зияткерлік меншік, емдеу-сауықтыру кешені, көтерме базар, ластаушы заттар, зейнетақы қоры, геосаяси түзілім, еншілес компания, төлқұжат үстелі т.б.
Сөзжасамдық жүйеде әсіресе етіс қосымшалары, қимыл есімінің бел- сенділігі арта түсті. Бұлардың ғылыми, публицистикалық, ресми дискурста жиі колданылатыны айқын байқалады: ұлтсыздандыру, ырықсыздандыру, ізгілендіру, отансыздандыру, орталықсыздандыру, жарнамалану, жаһандану, кәсібилендіру, әртараптандыру, жекешелендіру, ырықтандыру т.б.
Сөздіктегі шеттілдік ауыс-түйіс сөздердің дені:
мемлекеттің саяси құрылымына (министрлер кабинеті, вице- министр, парламент, сенат, сенатор, департамент, палата т.б.)
экономикалық құрылымдағы өзгерістерге (коммерция, брокер, менеджмент, инвестор, маркетинг, лизинг, бартер, менеджер, валюта, банкомат, субвенция, фиксинг, фолио, форвад, франчайзинг т.б.)
қоғамдық-саяси саладағы қатынастарға (консенсус, саммит, электорат, имидж, плюрализм, брифинг, медиафорум, субэлита т.б.)
ақпарат техникасы саласындағы жаңалықтарға (компьютер, принтер, файл, байт, мегабайт, интерфейс, винчестер, дисплей, сканер, сайт, диск т.б.)
музыка, спорт салаларындағы жаңалықтарға (рокер, плейер, брейкер, хиппи, саундтрэк, рэпер; айкидо, айкидошы, кикбоксинг, каратэ- до, биатлон, стиль-чез)қатысты атаулар болды.
Тіліміздің лексикалық жүйесінде бұдан сөздердің саны соңғы жылдарда кауырт көбейді: агроөнеркәсіп, агросаясат, аудиокітап, автошеру, бейнетаспа, бейнефильм, биоотын, бортсерік, бухесеп, велобәйге, велошабандоз, дендробақ, зоодүкен т.б.
Сыртқы түрткіжайттардың (факторлардың) әсерінен болып жатқан осы тәрізді жаңалықтар мен тілдің ішкі кұрылымында пайда болып жатқан өзгерістер үрдісін байқату және олардың орфографиялануын көрсету мақсатымен Сөздікке жоғарыда аталғандай едәуір атау сөздер енгізілді.
Сөздіктің сөзтізбесіне лексикалық, стильдік мағынасы жаңа едәуір сөз косылды: айқұлақ (электрондық мекенжайдағы таңба), бағаншам, гүлшоқ, қанатқақты, құлаққап, пернетақта, тоқбасар т.б.
Бұрын сөздіктерге енбеген, бірақ әдеби тілдің сөздік қорында бар қылауыш (кисть), тісқылсап (тіс шеткесі), алпауыт (олигарх), еңбекшерік, пайшерік, жолдасу, дәргаһ, баялд, дәсер табақ, ақжағалақ, ауыр дәулет, ашалаң, буылдық т.б. тәрізді сөздер енгізілді.
Соңғы сыңарлары -аралық, -нама, -тану, хана, -жай, сондай-ақ бірінші сыңары әсіре-, көп- тәрізді бейдерек мағынадағы сөздермен келген атаулардың катарына едәуір сөз қосылды: ауданаралық, пәнаралық, уииверситетаралық, заңнама; топырақтану, жантану; ойынхана, дәмхана; жағажай, мекенжай; әсіресолшылдық, әсіреұлтшыл, көпбалалы, көпдеңгейлі т.б.
Бұрын жарыспалы сөздер санатында жүретін адал//халал. уәде//уағда, әкім//хакім т.б. сөздердің мағыналық, стильдік тұрғыдан сараланған сыңарларына жақша ішінде түсініктеме беріліп отырды: халал (діни),уағда (кіт.), хакім (кіт.) т.б.
Біріккен сөзді ұқсас сөз тіркесінен ажырату және сондай-ақ олардың терминденуін көрсету үшін жақша ішінде түсіндірме белгі көрсетілді: алажертесер (зоол.), балмұрын (өс.), желімайлар (этн.), желқұяң(ауру), қаракүйе (зоол.) г.б.
Дыбысталуы ұқсас, мағынасы әрбасқа сөздерді (омонимдерді) бір- бірінен ажырату үшін сөз тіркесі берілді: самал - самал ауруы, самал - самал жел т.б.
Біріккен сөзге сырттай ұқсас, бірақ бөлек жазылатын тіркесті сөздердің жазылуына назар аударту мақсатында олар Сөздікке көбірек енгізілді: қара күз, қоңыр күз, бесіккертпе құда, бес саусақ, ақ аю, алғы сөз, бұлшық ет т.б.
Бұрын қолданылып келген кірме сөздердің казақша баламалары берілді: белтемір(турник), қолтабақ (поднос), сүтсірне (сыр), әуесерік (стюардесса), ғарышайлақ (космодром) т.б. Әдеби норма ретінде қазақша баламасы пайдаланылатын болғандықтан, олардың шеттілдік нұсқасы Сөздіктен алынып тасталды.
Орыс тілінен енген сөздердің білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, экономика, өндіріс пен техника т.б. салаларда кеңінен қолданылатын және БАҚ-та жиі кездесетін түрлері Сөздікке енгізілді және дүдәмал тұстарда косымшалардың калай жалғанатыны көрсетілді: турист, туриске,турисі; ведомость, ведомосқа, ведомосы; стоматолог, стоматологке, стоматологі; пароль, парольға, паролі: грамм, грамға, грамы т.б.
[а], [ә] дыбыстарымен келетін жазылуы дүдәмал сөздердің емлесі көрсетілді: жай, жайлау, жайлауға; шай, шайға, күнә, күнәға, күнәсі, күнәлары; ділда, ділдасы; тілмаш, тілмаштық т.б.
Бір буыны жуан, келесі буыны жіңішке, я болмаса, керісінше, бірінші буыны жіңішке, келесі буыны жуан бейүндес сөздердің жазылу үлгісі көрсетілді: қауіп, неғұрлым, сәнқой, өнерпаз, құдірет, құзырет, қошемет, біраз, рақмет, ақырет, кесапат, қағылез т.б.
Қысаң дауыстылардың кандай сөздерде танбаланып, қандай сөздерде таңбаланбайтыны көрсетілді: а) абырой, ақырын, жағылан, жапырақ, запыран, қапырық, тақырып ә) арлан, емле, мемлекет, наурыз, сәурік, тағдыр, қайны т.б.
Соңғы буында кысаң дауыстылары бар сөздердің қосымшалармен түрленгенде түсірілім жазылатыны көрсетілді: нарық - нарқы, бөрік - бөркі, парық - парқы, түрік - түркі, ауыз - аузы, мойын -мойны, мұрын
-мұрны т.б.
Соңы [н] дыбысына аяқталған сөздер косымшалармен түрленгенде қандай нұсқада жазылатыны көрсетіліп отырды: жауын, жауынға; диірмен, диірменге; қымыран, қымыранға; жайын, жайынға, т.б.
Соңғы дыбысы [з], [ш] дауыссыздарына аяқталған сөздер қосымшалармен түрленгенде сөздің кандай нұсқада жазылатыны көрсетілді: шашу, шашса, шашшы; қашу, қашса, қашшы т.б.
[қ], [к], [п] дауыссыздарының біріне аяқталған сөздер қосымшамен түрленгенде, түбір соңындағы дыбыстың жазудағы өзгерісі көрсетілді: жағу, жақ, жағады; қағу, қақ, қағады; қабу, қап, қапты, қабады; ағу, ақ, ағады т.б.
Соңғы дыбысы [й] дауыссызы болып келген қой-, жай-, ой- тәрізді етістік сөздердің қосымшалармен түрленгендегі жазылуы көрсетілді: қою, қой, қояды, қояйын, қоюы; сою, сой, сояды, сояйын, союы т.б.
[рт] дауыссыздар тіркесіне аяқталған сөзге [с] дыбысынан басталатын қосымша жалғанған сөздердің орфограммасы көрсетілді: сөндірту, сөндірт, сөндіртті, сөндіртсе; тайдырту, тайдырт, тайдыртты, тайдыртса т.б.
Ауызекі тіл арқылы игерілген кірме сөздердің жазылуы көрсетілді:
Достарыңызбен бөлісу: |