Орфографиялық СӨздік



бет122/132
Дата23.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#110026
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік

Халықаралық, дүниежүзілік, бүкілдүниежүзілік, бүкіләлемдік, әлемдік, мемлекетаралық, азиялық, америкалық, республикалық, қазақ ұлттық т.б. тірек сөздер күрделі-құрама атаудың басында келсе, бас әріппен, ортасында келсе, кіші әріппен жазылады (Халықаралық өмірбаян орталығы, Шығыс елдері халықаралық сәулет академиясы).

14. Екі күрделі-құрама атау тіркесіп келген жағдайда екінші атаудың басында тұрған тірек сөз кешенді атаудың ортасында тұрғанына қарамастан бас әріппен жазылады (Қазақстан Республикасы министрлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты).
15. Тірек сөздердің бірнешеуі атау ішінде қатарласа келсе, біріншісі ғана бас әріппен жазылады (Қазақ ұлттық университеті).
16. Екі немесе үш күрделі-құрама атау тіркесіп келген кешенді атауларда ірі және кіші нысаналардың аттары бас әріппен беріледі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімі).
17. Кешенді атаудың ішіндегі жалқы есім кай тұста тұрғанына қарамастан бас әріппен беріледі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты).
18. Жалпы жұртшылық қабылдаған, дәстүрлі қысқартуларда алдымен қысқарту, содан кейін жақша ішінде толық нұсқасы беріледі (АЕК- Айлық есептеу көрсеткіші).
19. Жоғары дәрежелі мемлекеттік марапаттар мен атақтар, кейбір символдық мәні бар ордендер мен медаль аттары тырнақшаға алынып жазылады. Тырнақша ішінде атаудың бірінші сөзі ғана бас әріппен беріледі («Алтын қыран» ордені). Мемлекет атымен аталатын орден, медаль, сыйлық аттары тырнақшаға алынбайды (Кеңес Одағының Батыры).
20. Қалалық микротопоним атауларына сәулет, мемориалдық ғимарат, алаң, кешен, мәдениет үйі, сауықтыру орындары, мәдени мекемелер мен ойын- сауық көрсететін орындардың т.б. аттары кірді. Қосымшада үлгі ретінде Алматы қаласының нысандары ғана қамтылды. Микротопоним атаудың
бірінші сөзі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылады. Егер атау құрамында жалқы есім кездесетін болса, ол бас әріппен беріледі.
21. Мерекелер мен атаулы күндердің тобына бүкілдүниежүзілік және халықаралық, ұлттық мерекелердің аттары кіреді.
22. Планеталардың, шоқжұлдыздардың, жұлдыздардың ғылыми және халықтық атауларының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады (Қамбар тоғысы, Таразы). Екі түбірден бірігіп жасалған атаулар қосылып жазылады (Темірқазық). Екі немесе одан да көп сөз тіркесіп келген атаулардың әр сөзі бөлек, бірінші сөзі бас әріппен жазылады (Көгалдаймергеннің көк шақпағы).

    1. Қосымшада жалпыхалықтық, ұлттық мәні бар тарихи оқиға, ескерткіш т.б. аттары ғана қамтылады («Ашық есік» доктринасы, Ұлы сүргін, Ұлы жұт). Ауыс мағынада қолданылатын кейбір тарихи оқиға, ескерткіш аттары тырнақшаға алынады («Сарыорамалдылар» көтерілісі).Тарихи оқиға, ескерткіш, құжат т.б. аттарынан кейін шартты түрде жақша ішінде болған жылы не өткен ғасыры көрсетілді (Асы көтерілісі (1916), Күлтегін mac жазуы (VIII ғ.).

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет