Орфографиялық СӨздік



бет123/132
Дата23.09.2023
өлшемі0,79 Mb.
#110026
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132
Байланысты:
Орфографиялық сөздік

ӘРІПТЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы


§ 1. а, ә, е, о, ө, ү, ү, ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың, ал ё (йо), и, у, ю, я әріптері йо, ый, ій, үу, үу, йұу, йүу, йа деген қосынды дауыстылардың да (мысалы: актёр, жи, ки, жиын, жиі, су, шумақ, күлу, келу, аю, кею, ядро, саясат), кірме сөздерде жалаң дауыстылардың да таңбасы ретінде (мысалы: слёт, кино, бюджет, отряд) жұмсалады.
§ 2. а, е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады. Мысалы; ал, қала, шағала, ер, ересек, ыс, бақытты, айыр, қатысты, қорыту, құмырсқа, жапырақ, іс, білімді, көкірек, үкімет, әсіресе, мәжіліс.
Ескерту. а) Сөз басындағы ж, ш дыбыстары мен й дыбысының ортасында келген а дыбысы көбінесе жіңішке ә болып айтылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: барлық мағынадағы жай сөзі және оның туынды тұлғалары (жай сөйлем, жайыңа жүр, жай түсті, дастарқан жайды, жайғызу, жайбарақат, жайдан-жай, жай-жапсар, жай-күй, жайлы орын, жайсыз тию, жайлап айту), шай (шай іш, шайға кел), шайы (шайы орамал);
ә) Сөздің алғашқы буынындағы не алдыңғы буындарындағы жіңішке дауыстылардың әуенімен келесі буында жіңішке айтылатын (естілетін) ә дыбысының орнына а әрпі жазылады: ләззат (айтылуы - ләзәт), рәсуа (айтылуы - рәсуә), Жәмила (айтылуы - Жәмилә), Фәрида (айтылуы - Фәридә), тәкаппар (айтылуы - тәкәппар),
§ 3. ә, о, ө, ү, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады. Мысалы: ән, әнші, сән, дәлел, дәрігер, орын, жолаушы, өлең, көлем, көбелек, төртеу, ұлы, құлын, үндеу, үтік.
Бұл әріптер біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарларының басқы буындарында да жазылады. Мысалы: Есенәлі, дәрі-дәрмек, тәлім-
тәрбие; Қызылорда, Талдықорған, жөн-жосық, өте-мөте; басқұр, қаламұш, жазғытұрым, кешқұрым, тарс-түрс; бүрсігүні, еңбеккүн, сайгүлік.
Ескерту. ә, ұ, ү әріптері мына сияқты сөздердің екінші буындарында жазылады. Мысалы: сірә, кінә, күнә, куә, іңкәр, күмән, шүбә, зәмзәм, мүсәпір, дүдәмал, Күләш, Күләнда, Мүтән, Күләй; мағлұм, бұлбұл, мақұл, байғұс; мәжбүр, әңгүдік, дүлдүл (бұлар емле сөздіктерінде толық беріледі).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет