Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет57/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
құмсағат. Кейін бұлар қоғамдық қажеттіліктерді өтей алмай, қазіргі секунд, ми-
нут, сағатқа бөлінген, үш тілі бар механикалық, кварцтық, көрсеткіші бар
электронды сағаттардың пайда болуына әкелді. Сағат сигнификативтік немесе
денотативтік- сигнификативтік атаудан гөрі, енді таза денотативтік атауға көшті.
Сөйтіп, сағаттың түрлі қызметтерінің ішінен оның қолға тағатын, қалтаға салып
жүретін, үйде, кеңседе қабырғаға іліп қоятын түрі бөлініп шығып, тұрақты
формаға, атауға ие болды (қол сағат, қабырға сағат). Адам өміріне мәнді
нысаналар ғана атауға ие болады (118. 36). Ал ол белгіні таңдау, бір жағынан,
адамның қызметіне, тұтыну қажеттілігіне, сөйтіп барып, танымына тікелей
байланысты болады. Таңдалған белгі негізінде тұрақталатын сөз тіркесі
(қабырғаға ілініп қоятын сағат) қолданылу жиілігіне ұшыраған сайын, атаудың
абстрактану сипаты күшейе түседі. Бұл – тіркескен сөздерде синтаксистік
қатынастың ыдырауы, қала берді сыңарлар мағынасының ауысуы, жалпылануы,
көмескіленуі сипатында көрінеді.
Сөйтіп, тіл-тілдің қайсысында болмасын зат есім-зат есім тіркесінен тұратын
атаулардың номинациялануы күшті қарқынға ие болып отыр. Оның себебі – зат
есім өз бойына сандықта, сындықта, тіпті қимылдықта қасиеттерді жалпылай
тоғыстырып тұруынан болады (156. 84).
Былайша айтқанда, зат есімдердің дені, негізінен, референтті денотатив
атаулар болғандықтан, олардың бойында өзіне тән архисема мен
дифференциалаушы семалар тұрақты түрде өмір сүреді. Мысалы, жылқы
денотативін “мінетін, сүтін сауатын, етін азық қылатын, тақ тұяқты, денесі ірі,
күйіс қайтармайтын төрт түліктің бірі” десек, мұндағы “төрт түліктің бірі” –


ұғымның архисемасы болса, “тақ тұяқты” – дифференциалды семасы болады
да, өзге семалары интегралды семаларды кұрайды. Сонда денотатив өзінің
бойына сандық та (“тақ тұяқты”), сындық та (“денесі ірі”), қимылдық та
(“мінетін, сауатын, күйіс қайтармайтын”) белгілерді жалпылай тоғыстырып
тұрады. Сондықтан екі зат есімнің тіркесімі қашан да уәжді болмақ. Бұны
Э.В.Севортян “Сөзжасамның грамматикалық емес формасы негізінде жасалған”
сөздер дейді (157. 113).
Сөйтіп, бұл процестің негізінде сөздің валенттілік қасиеті жатқанын көреміз.
“Валентность слова есть такое свойство его содержательной стороны, которое
позволяет ему иметь при себе определенный набор синтаксических позиций.
Синтаксическая позиция при данном слове – это закрепленная правилами языка
возможность употребления данного слова с рядом одноэтапно связанных с ним
по функциям образования, которая определяет, дополняет, уточняет,
конкретизирует значение данного слова” (158. 31).
Проф. Т.Сайрамбаев атап көрсеткендей, “мағыналық жағынан өзара
үйлесімді ғана зат есімдер бір-бірімен тіркесе алады” (152. 87). М. Оразов
валенттілікті логикалық, семантикалық, синтаксистік деп үшке бөледі (159. 99).
Сөйтіп, сөздердің өзара тіркесімділігінің күштілігі оларды қолданыс
жиілігіне түсіріп, соңында атауыш сөздер қатарын молайтуға әкеледі екен. Ал
сөздер тіркесімділігінің қалай жүзеге асатынын көру мақсатында мына мысалдар
ды қарастырайық.
Алдымен, біз КС бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылықты көрсету
үшін ас қасық, (КС), күміс қасық (cөз тіркесі) сөздеріне компоненттік талдау
жасаймыз.
Ас қасық – “ас ішуге, жеуге, салуға арналған сабы, басы бар, ағаштан,
металдан, пластмассадан жасалған шай қасықтан үлкендеу қасық”. Мұндағы ас
компоненті – “адамның қоректік заты”, “ішім-жемі”, “тамағы” семаларынан
тұрады, ал қасық – “тамақ ішуге”, “жеуге” арналған “сабы бар, көлбеу келген,
шұңғыл басы бар”, “ағаштан, металдан, пласмассадан жасалған бұйым”
семаларынан кұралады. Байқап қарасақ, бірінші компоненттің архисемасы
(“тамақ”) екінші компоненттің дифференциалды семасы (“тамақ”) болып
тікелей жалғасады.
Ал күміс қасық деген сөз тіркесінде алғашқы сыңардың архисемасы соңғы
сыңардың дифференциалды семасына айнала алмайды. Бұл тіркестің
валенттілігі – бірінші компоненттің архисемасы (“металл”) мен екінші
компоненттің интегралды семасының (“металдан жасалған") ортақтығынан ғана
туындайды. Ал интегралды сема - семаға іштей толықтыру жасайтын сема екені
белгілі, яғни оның ұғымды беруге қатысуы, қатыспауы екіталай.
Сондықтан күміс қасық тіркесінің ас қасық тіркесіне қарағанда
тұрақтылығы төмен, дистант түрінде байланыса береді: күміс ас қасық.
Ал компоненттерінің байланысуы берік ас қасық КС-інің босаралықпен
жазылуы – олардың денотатив семаларының (Д
1

1
) ортақтығынан туындап
отыр (4-кесте)



4- кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет