білдіретін қосымша грамматикалық (анықтауыштық, пысықтауыштық немесе
шақтық, мекендік, меншіктілік) мағына пайда болады” (148. 34-35).
Сөйтіп, КС бен сөз тіркесін ажырататын өлшемнің бірі - сөз тіркесінің
құрамын өзгертіп айтуға болатындығы. Бұл - проф. Р.Сыздықова көрсеткен
лексикаланған тіркестің мына өлшемімен астасып жатыр. Лексикаланған
тіркестің алғашқы сыңары заттың тұрақты айырылмайтын белгісін білдіреді де,
ал синтаксистік тіркестің анықтауыш сыңары зат пен құбылыстың кұбылмалы,
уақытша шартты белгісін көрсетеді (34.42). Бұған
бет орамал сөзінің
лексикаланған тіркестің бұлжымаған мысалына айналу себебін келтіруге болады.
Мұнда орыс тілінің
носовой платок тіркесі дәл аударылмай, қазақ тілі сөз
тіркесімділігі табиғатына лайық атау шыққан. Егер
мұрын орамал десе, “бет
орамалдағыдай” бір лексикалық бірлікте ұдайы қайталана алмас еді. Сонда
сөздердің
барлығы да вариантты, барлығы да талғап тіркеседі. Осы талғам
жоғарылаған сайын, сөздер тіркесімділігі даралана түседі. Сөйтіп, олар бір
лексикалық нүктеге шоғырлана бастайды. Ары қарай сөзжасамның келесі
процесіне түседі, яғни бұл белгілерден КС-дің коммуникативтік бірлік емес,
номинативтік бірлік екені анықталады.
Үшінші, синтаксистік сөз тіркесіне қарағанда КС
атаулық мәнде жиі
қолданылады. Бұл атаудың экстралингвистикалық мәнділікке байланысынан
туындап жатады.
Ал тіркес құрамындағы негізгі ұғымға ие сөзбен қатар құрайтындардың
саны арта берсе, ол топтан КС бірліктері бөліне бастайды (150. 30-31).
Ал қандай синтаксистік құрылымдар қолданыс жиілігіне түседі? Бұл сұрақ
атау, номинация мәселесіне, валенттілік теориясына апарады.
“Номинация
логика-гносеологиялық, психологиялық, биологиялық,
әлеуметтік, физиологиялық және таза тілдік негіздері бар ойлау мен сөйлеудің
кешенді бірлігінен тұрады” (117. 6). Ал заттар мен құбылыстарды танудың өзі екі
фазадан тұрады.
Бірінші фаза зат-әрекет-сөз, екінші фаза сөз-әрекет-зат
процестерінен құрылған. “Первая фаза соответствует акту снятия предметного,
чувственного образования понятий, формирующих прямое номинативное
значение лексической единицы. II фаза – соответствует в языковой деятельности
акту конкретизации
обобщенного значения слова, его семантическому
развертыванию в синтагматическом ряду” (151. 8).
Сондықтан кез келген толық мағыналы сөз белгілі бір затты атамайды, сол
заттардың үлкен бір тобы туралы ұғымды береді (151. 26). “Сөздің өзі жалпы,
абстракциялық ұғымды атайды да, синтаксистік сөз тіркесі, күрделі сөздер
дәлдік, нақтылықты, айқындалған ұғымды көрсетеді (152. 29).
Оның себебі – сөздер заттар мен құбылыстардың өзіне тән ерекше
белгілерінің абстрактіленуі негізінде пайда болады (153. 24, 30).
Сөйтіп, алғашында атау предикаттық қатынас, еркін сөз тіркесі, тіпті сөйлем,
сөйлемдер – жайылма ұғым – негізінде көрінеді. Сондықтан да тарихи тұрғыда
атау процесі – сөйлем пайда болу процесімен тікелей байланысты (154. 200).
Сондықтан атау берілген ұғымды жан- жақты көрсететін синтаксис те атаудың
жалпы теориясына енеді (155. 18,209).
Хабарлау таңбасынан (от знак сообщений) атау таңбасына көшу – атау беру
процесінің басы ғана (118. 86). Себебі – атау алғашында тілдік құбылысқа
негізделмейді, керісінше сол нысанның қасиеттері мен өзіне тән белгілерінен
бастау алады (29. 52). Бірнеше белгінің ішінен (немесе бірнеше семалардың
ішінен) атауға уәж болатын бір белгіге лексема таңдау – номинация процесінің
аяқталғаны. Атауға уәж болатын белгінің мәнді-мәнсіздігі
адам санасының
дамуына байланысты өзгеріп отырады (153. 17). Қоғам тұтынуынан сырт қалған
зат атауының мағынасы оның ұғымынан әлдеқайда артта қалады, мағына қашан
да ұғым деңгейіне жетуге ұмтылумен болады, алайда кейде ұғым сипатының өзі
өзгеріп кетеді (112. 12) Мысалы,
сағат деген қазіргі денотативтік-
сигнификативтік атау бір кездері аспан денелерінің қозғалысына орай сәт, уақыт
деген сигнификативтік атау қызметінде жұмсалған. Келе- келе түркі
халықтарында уақытты белгілейтін зат, референттер шыға бастады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: