Орфографиясы


 КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ



Pdf көрінісі
бет55/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72
3. КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ
3.1. Күрделі зат есімдер
Біз құрама сөздерді тұрпат межесі тұрғысынан босаралықсыз, босарлықпен
және қосаралықпен тұлғаланатындар деп үшке бөлеміз. Мұндағы босаралықпен
тұлғаланатын кұрама сөздердің әдебиеттерде әр түрлі терминге ие болып, кейде
тіпті сөз тіркесі аясыңда қаралуы бұл топтың номинативтік бірлік ретіндегі
мәртебесін анықтауда басы ашылмай жатқан мәселелердің бар екендігін
аңғартады. Сондықтан біз грамматикалық бірліктердің (“Грамматикалық
құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын грамматикалық
единицалар –тұтастықтар дейміз” (148. 31) бөлек тұлғалануын сөздің дербес
тілдік бірлік екенін көрсететінін синтаксистік құрылымның ерекшелігі (42. 52.)
деп алып, бөлек тұлғаланудың бес сатысын көрсетеміз. Олар:
1) сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы;
2) синтаксистік сөз тіркесі деңгейіндегілердің бөлек тұлғалануы (алтын
сағат, күміс қасық, кеңсе құралы, сабақ үлгірімі);
3) түйдекті тіркестерінің бөлек тұлғалануы (келе жатыр, сабақтан кейін,
үйдің алды, егер де);
4) фразеологиялық тіркестердің бөлек тұлғалануы (ит әуре, мысық тілеу)’,
5) лексикалық синтагмалардың, яғни КС-дердің бөлек тұлғалануы (тандыр
нан, am кора) болатын.
Мұндағы сөйлем мүшелерінің бөлек тұлғалануы фонологиялық жазудың
басты қағидасына айналғаны белгілі; фразеологиялық тіркестердің бөлек
тұлғалануы тіпті олардың мазмұн межесінің ерекшелігіне баланды; түйдекті
тіркес деп топтап отырған – негізгі сөз бен көмекші етістік тіркесі (келе жатыр,
бара жатыр, айтып отыр, көріп отыр) және толық мағыналы сөз бен шылау
сөздің тіркесі (анам үшін, жыл сайын, келген сайын, сен арқылы, малшылар ту-
ралы, бала сияқты, сен тәрізді, үйге дейін, біраздан кейін, бұдан бұрын, үш
күннен бері) және негізгі сөз бен көмекші есім тіркесі (арбаның қасы, қала үсті,
жердің асты, ауыл маңы). Бұлардың босаралықпен таңбалану нормасы коди-
фикацияланды.
Сол сияқты синтаксистік сөз тіркесі деңгейіндегілердің де, оның ішінде КС-
ге ұқсас қабыса байланысқан зат есім – зат есім тіркесі (алтын сағат, ағаш
күрек, темір күрек, mac үй, mac еден, күміс сағат, инженер қыз, бас
қызметкер), сын есім – зат есім (ақ қар, боз am, қызыл гүл, map жол, қысқа жіп,
кең сарай, жалпақ тақтай, терең көл, қалың орман, салқын су, жақсы кісі,


әдемі қыз, сараң әйел, ащы сорпа, жуас адам, тәтті ірімшік, жеңіл сөмке, ауыр
жүк), есімше – зат есім (орылған егін, көгерген шөп, айтар сөз, барар жер,
сауылатын сиыр), есімдік – зат есім (осы өзен, бұл сөз, барлық әлем, барлық
жұрт, әр адам, күллі халық, бүкіл дүние) тіркестерінің бөлек жазылуы қағидаға
айналды.
Ал КС-дердің, әсіресе күрделі зат есімдердің орфограммасына келгенде
әңгіменің басқа сипатта өрбігенін көреміз. Бұған – КС қатарындағы номинативті
бірліктердің бір кезде БС тобынан орын алып отыратыны куә. Мысалы, аяқбау,
тізе бау, уық бау, шаңырақ бау, қол бау, құлақ бау құрама сөздері бөлек
таңбаланса, дәл осы үлгідегі шашбау, белбеу, қазықбау лексемалары бірге
таңбаланады. Бұндай құбылыс ортақ қомпонентті КС-дердің біреуінің БС
қатарына өтуі (қолғап), сол үлгідегі өзге тіркестердің де орфограммасына
ауытқушылық әкеледі (уыққап, шашқап, кесеқап). “Сондықтан кейбір біріккен
түбір сөздер мен тіркесті түбір сөздердің аражігін айырудың билігі қазақ тілі
орфографиялық сөздігіне беріліп отыр” (149. 37).
Сонымен, бөлек тұлғаланатындардың бесінші деңгейіндегі бұл топ
орфограммасының негіздерін көрсетпес бұрын, алдымен лексикалық синтагма
деп, яғни дәстүрлі таптастыру бойынша күрделі сөз деп нені айтамыз деген
мәселенің басын ашып алу керек сияқты.
Оқулықтарда “қалайда күрделі сөздерді.... лексикалық және басқа да түйдекті
тіркестерден шатастырмау керек” (148. 32) деген принципі мәселелер
көтерілгенмен, қабыса байланысатын сөз тіркесі қатарында am қора, мал қора,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет