Бір сурет мың сөзге татиды Профильдегі суретіңіз, шынында да, мыңдаған сөз айтады. Онда жасы мен жынысы сияқты когнитивті сараңдық белгілі бір дәрежеде әсер ететін ерекшеліктер көрсетілген. Егер профильдегі суретте алпысыншы жылдардағы әйел тұрса, оның жеке тұлғасы жайлы қандай да бір әсер қалыптастырасыз. Бірақ ол адамның қалай ойланатыны немесе қалай әрекет ететіні туралы ешкім ештеңе айтпауы да мүмкін. Лос-Анжелестік Мэрилин Броуар адамдар жеке тұлға жайлы алғашқы әсер қалыптастырғанда, жасы мен жынысының ерекше маңызға ие болатынын зерттеп көрсетті.22 Ол әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдердің 140 суретін жинап, өз шәкірттеріне оларды мінезі бойынша ұқсас болып келетін суреттер жиналған жеке қорапшаларға сұрыптап салуды тапсырды. Үйіліп жатқан суреттердегі адамдардың көбі бір жыныстан, жастары да шамалас еді. Сөйте тұрса да, қатысушыларға өз қорапшаларына ауызша атау табу тапсырылса да, олар анықтауыш ретінде жасты немесе жынысты өте сирек пайдаланды.
Мұның орнына олар ерекше тұлғалық анықтауыштар ойлап тапты:
«Мен-өз-көзқарас-ұстанымыма-қарсы-шыға-аламын дейтін шынайы кәсіпқой жандар» «Ақ жағалылардың өз жұмысына қатты алаңдайтын жұмыскерлері» «Барбара Уолтерс-типтер, өсекшілер, қу және аздап снобистік қызыққұмарлар» «Бет қаратпай сөйлейтін және тыңдаушыларына назар аудармайтын шешен адамдар» Фотосурет әсерден де үстем бола алатын өте күшті белгіні – табиғи тартымдылықты көрсете алады. Зерттеулер байқатқандай, біз тартымды адамдарды мейірбан, ақылды, табысты, экстраверт және сенімді, содан кейін, әрине, тартымсыздау жандармен салыстырғанда жылырақ деп қарауға бейімбіз. Осы «тартымдылық гало эффектісі» онлайнда да қолданылады.
БІЗ ТЫМ НАРЦИСС БОЛЫП БАРА ЖАТЫРМЫЗ БА? Онлайн-тұлғаны басқару фотоны таңдау мен өңдеуге, онлайн-профиль жасауға, мәртебені жаңартуды қосуға және басқа адамдардың хабарламасына пікір жазуға көп уақыт жұмсау дегенді білдіреді. Әлеуметтік желілер мен онлайн-әлемнің өз табиғаты нарцистік үдеріс болып санала ма?