Орындаған: Қабылдаған: проект тақырыбы: «Интернет психологиясы»


СІЗДІҢ ОНЛАЙН-ТҰЛҒАҢЫЗ: ӘСЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет3/8
Дата06.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#55411
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Интернет психологиясы

2
СІЗДІҢ ОНЛАЙН-ТҰЛҒАҢЫЗ: ӘСЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Адамдар өзін онлайн-тұлғалауды қалай басқара алады? Өзіміз қалыптастырғымыз келетін пікірді қаншалық табысты көрсете аламыз? Басқа адамдардың электрон хаттарын оқығанда және әлеуметтік желілердегі парақшасын қарағанда, олар туралы пікір қалыптастыру үшін қандай кеңестерді жөн көреміз?
ОНЛАЙН, ОНСТЕЙДЖ (ЖҰРТ АЛДЫНДА)
Әсерлерді басқару теориясының негізін салушы Ервиң Гоффманның ұсынысы бойынша, өзін дәл сол кездегі жағдайға сай деп есептейтін бейнеде елестету үшін әркім амал қолданғаны дұрыс. Ол әлеуметтік оқиғаны алдыңғы планда өнер көрсететін адамдары бар театр ретінде, өз аудиториясын сезініп, белгілі бір пікір қалыптастыруға тырысатын актерлер ретінде қарастырды. Олар аудиторияны күткенде, өздері бар деп білетін әлеуметтік қағидаларға бағынады немесе аудиторияны әдейілеп түрлі күйге түсіре алады: естен тандырады немесе таңдандырады. Бірақ аудиториясы жоқ кезде, артқы сахнада актер өзін басқаша ұстайды.
Онлайн-өзіндік таныстырылым: қиын кезең
Негізінен, онлайн-тұлға қалыптастыру бетпе-бет кездесуден гөрі артықшылыққа ие, өйткені адамдар өзінің желідегі профилін немесе жеке парақшасы үшін дұрыс мәтін, сурет және видео таңдауға уақыт жұмсайды. Олар мәтінді редакциялап, түзете алады, суреттерді ретуштап, нені ашу қажеттігі туралы ойластырылған шешім қабылдай алады.
Басқаша айтқанда, интернеттегі өз әсеріңізді басқару – екі төрттік ескек ескен кездегі судың қозғалысы сияқты. Әсерді басқару жиынтығында, неге екені белгісіз, шынайы күлкіңіз, ишара тілі және басқа да бейвербал сигналдар сияқты сізге көбірек таныс әдістер жоқ
ОНЛАЙН ЖӘНЕ ОФФЛАЙН ӘСЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Психологтар ондаған жыл бойы күтпеген нәтижесі көп жеке қатынастардағы әсер қалыптастыру үлгісін зерттеді. Ақпарат жеткіліксіз болған кезде, қолжетімді белгілердің бәріне бекер сүйеніп және пайымды ірке отырып жаңа таныс жайлы пікір қалыптастырғанда, адамдар үнемі ақылдылық таныта бермейді. Психология саласындағы классикалық зерттеулер көрсеткендей, ақылға сүйену орнына, біз аз ғана дәлелдер жайлы қорытындылар жасаймыз.
Жылы және тартымды таныстырылым жасау
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Соломон Эш алғашқы әсер жайлы қарапайым, бірақ қарама-қайшылықты зерттеу жасады. Сөйтіп, адамдардың тым асығыстықпен және жеткіліксіз ізденіспен қорытынды жасауға бейім екенін анықтады.6 Оның әуелі сипаттаған адамы «ақылды, шебер, еңбексүйгіш, жылы жүректі, шешімтал, пысық және сақ» делінген-ді. Осы қысқаша сипаттаманы естіген адамдар тұлғаны әрі қарай суреттеуден қиналған жоқ. Олар адамды адал, мейірбан, парасатты, халыққа жақын, көпшіл және үлгілі, қысқасы, жан-жақты көркем жігіт деп болжады. Өткен шаққа көз жібере отырып, дәл Эш сияқты мен де көз алдыма үй тонағыш «мейірбан» ұрыны келтіре алар едім, алайда зерттеуге қатысқандар мұндай күй кешпеген сияқты.
Менеджмент курсындағы студентер осы және басқа хаттарды осы күйінде де, смайликсіз де бағалап көрді. Олар смайлик қосқан адамды, шынында да, жағымды адам деп қабылдады.11 Смайлик өтінішті жеңілдетіп, қатаңдығын жұмсартады. (Бұл зерттеуде студенттер жіберуші барлық смайликті жапсыра берген хабарламаға да баға берді. Жіберушіні олардың жағымсыздау деп бағалағаны түсінікті болар.)
Смайликтер хабарламаның ауызша мазмұнын байыта алады. Демек, біз смайлигі бар қошемет сөз жазған адам жайлы оң әсерде боламыз. Мұның кері нұсқасы да дұрыс. Егер жіберуші шытылған қабақ :-( смайлигін қосса, сын сөз дөрекі болып саналады.
Смайликтер хабарламалардың қарқындылығын арттырды. Алайда эмоция смайликтері мен хабарламаның жазбаша мазмұны бір бағытта – оң немесе кері бағытта болса ғана қарқынын арттырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет