Орындаған: Қабылдаған: проект тақырыбы: «Интернет психологиясы»


ЖЕЛІДЕГІ ҰНАТУ ЖӘНЕ ЖАҚСЫ КӨРУ: ТҰЛҒААРАЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ



бет6/8
Дата06.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#55411
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Интернет психологиясы

ЖЕЛІДЕГІ ҰНАТУ ЖӘНЕ ЖАҚСЫ КӨРУ: ТҰЛҒААРАЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ОФФЛАЙН
Басқа адамды кездестірген кезде, сіз ол адам ұнайды деп түйін жасайсыз ба, әлде жақынырақ қатынаста тани түскіңіз келе ме? Кей адамдардың қандай қасиеті тартады? Неге сізді басқа емес, бір ғана адам романтикалық тұрғыда еліктіреді? Зерттеушілер: «Ықтимал әріптестен қандай қасиет іздейсіз?» – деп сұрағанда, адамдар – адалдық, әзілқойлық, ақылдылық, мейірімділік және сенімділік сияқты қасиеттерді санамалай жөнеледі. Әйелдерге қарағанда еркектер өзінің кемел жолдасының сыртқы тартымдылығын жоғары бағалауға бейім, ал әйелдер еркектердің табыс табу мүмкіндігін көбірек қарастырады.
ОНЛАЙН ТҰЛҒААРАЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ
Интернеттің «бала дәуренінде» адамдар мәтін интерфейсі арқылы чаттарда, жаңалықтар тобында, пікірталас алаңдарында, MUD-тарда, ойындарда және электрон пошта арқылы кездесіп тұрды. Сурет немесе телефон қоңырауын кейінірек алмасқан болар, бірақ әуелгі байланыстары терілген мәтін арқылы жүзеге асты. Интернет сыртқы тартымдылық сипатын өзгертті, енді көп адам басқа жандармен өзге деңгейде танысу мүмкіндігінен ләззат алатын болды. Солай бола тұрса да, көп адам осы жағдайда мығым байланыстар пайда болатынына күмәнданды, бірақ шынайы қатысушылар бұл оймен келіскен жоқ.
ОНЛАЙН-ОЙЫНДАР ПСИХОЛОГИЯСЫ
Менің кейіпкерім – өзіме қарағанда, былайша айтқанда, қандай болғым келетінінен де үлкен «мен». Менің эльфім күшті, мығым және қабілетті.
•Әйел адам, отыз жеті жаста, World of Warcraft ойыншысы.
Мен демалу үшін Candy Crush-ты бастап едім. Бірақ досым кетіп қалды, біз жарысты бастап кеттік. Енді бұл – келесі деңгейге шығудың бәсекесі.
•Ер адам, жиырма екі жаста, Candy Crush Saga ойыншысы.
Енді сіз сүйек ойынын, басқа да мыңдаған ойында күн мен түннің кез келген мезгілінде кез келген адаммен компьютер, смартфон, планшет немесе видеопульт арқылы ойнай аласыз. Сіз дұшпан зымырандарын атып түсіресіз, карта ойнайсыз, қалалар саласыз немесе мықты жауды жойып жіберу үшін басқа ойыншылармен біріге аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет