Орындаған: Қабылдаған: проект тақырыбы: «Интернет психологиясы»



бет5/8
Дата06.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#55411
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Интернет психологиясы

Нарциссизм ауқымы
Гректердің Нарцисс туралы аңызынан Зигмунд Фрейд туындатқан нарциссизм термині «өзіміз жайлы» негізгі психологиялық мінездемені суреттейді. Жоғары нарциссизмі бар адамдар тәкаппарлыққа және өзіндік бағаның асқақ сезіміне бейім. Оның басқа ерекшеліктері – эксгибиционизм, табыс пен билікке құштарлық, өздерінің ерекше екеніне және ерекше қамқорлықта болатындарына сенімділік, жиі және шектен тыс сұқтануға іңкәрлік. Нарциссизм эмпатияның жоқтығына да байланысты. Өзгелердің қызғанышы басқалар оған қызғанышпен қарау қажет деген сенім секілді сирек жайт емес.
Нарцистің онлайн-сахнасы
Онлайн-сахна нарцистік бейімі бар адамдарға көптеген еліктіргіш мүмкіндіктерді жайып салады. Алайда оны жеке жағдайда қолдану оңай емес. Мысалы, адамдар өзінің онлайн-тұлғасы қандай екенін тәуір-ақ бақылап отырады, ал нарцистер осы бақылауды өзіндік жарнама және назар аудару құралы ретінде пайдаланады. Бір зерттеуде парақша иелері нарциссизм деңгейі бойынша бағаланды, содан кейін олардан Facebook аккаунтындағы дәл сол жеке суретін неге таңдағаны сұралды. Күткендей-ақ, нарциссизм деңгейі жоғары адамдар бұл сурет өздерінің тартымдылығын немесе бірегей даралығын анықтап көрсетіп тұрғандықтан таңдағанын айтқан.
Онлайн-әлемде нарцистерді қызықтыратын тағы бір нәрсе – таныстардың үлкен аудиториясын жинау және өздері не айтса да, басқалар соған қатты қызығады деген пайыммен түрлі жаңалықтарды үйіп-төгу қабілеті. Нарцистер өзінің не істеп жатқанына онлайн достары қызығады және жаңалықтар естігісі келеді дегенге кәдімгідей сенеді.
Онлайн-орта нарциссизм насихатын жасай ма?
Бұл кітаптағы түйінді тақырып – онлайн-ортаның адам мінез-құлқын дұрыс та, бұрыс та қалыптастыруға ықпал ете алатыны. Әлеуметтік желі сайтын немесе жеке уеб-парақшаны жүргізу арқылы адам өзіне назар аударылуын қатты қалайды. Жай ғана профиль толтыру – эгоцентризм жаттығуы. Мысалы, Google+-ға кірген кезде өзіне назар аудартуға тырысқан шексіз әрекетке тап боласыз:
 Суретке түсіріңіз (немесе сурет жүктеңіз).
 Таныстарыңызды қосыңыз (байланыстар тізімінен көрсету арқылы).
 Ұнататын нәрселеріңізді қадағалап отырыңыз (танымал жандар, фото-графтар, автомобиль компаниялары, денсаулық сайттары және т.б).
 Ерекше бол.
 Суреттеріңізді жаңартып отырыңыз.
 Қай мектепте білім алдыңыз?
 Жалғызсырап отырған боларсыз… Адамдарды тағы қосыңыз.
Facebook-тегі өтініштер «Өзіңіз жайлы», «Ұнататын дәйексөздеріңіз» және «Сіз тұратын жер» бөлімдеріне бірдей бағытталған. Басқа бөлімдер болса, қолданушыларды өздері көрген, көргісі келетін немесе ұнататын фильмдерді теңестіруге итермелейді.
АНОНИМДІК
Анонимдік немесе оны түсіну – агрессияға бастайтын тағы бір күшті құрамдас бөлік. Адамдар өз әрекеті өзіне тікелей тән емес деп есептеген кезде, әлеуметтік келісімдер мен шектеулерге бағынбай кетеді. Өздерін қауіпсіз сезінген жағдайда, адамдарға жеке қиын мәселелерді талқылауға мүмкіндік берілсе, бұл өте оң болуы мүмкін.
Ғаламторда көп адамның жасырынбайтыны белгілі. Олар өз аккаунтына, электрон хаттарға немесе кітап шолуларына есімін, топқа мүшелігін, қанатты сөздерді қымсынбай қосады. Солай бола тұрса да, қатысушылар өздерін-өздері жасырын ұстайтын жағдайда көлемді интернет-байланыс пайда болады. Зерттеулер агрессияның не нәрсеге тап қылатынын да көрсетеді. Мысалы, онлайн-топта шешім қабылдау мәселесі туындағанда, әр хабарлама алдында есімі көп көрінбеген топ мүшелері есімі әр хабарламамен байланысқан басқа топтармен салыстырғанда, қатаң және еркінсіген ескертулер жасап отырған. Есімдерді әншейін өшіріп тастаудың өзі қатысушылардың мінез-құлқына әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет