Орындаған: Бағланов Мейрамбек Нұрланұлы Ернұр Тексерген



бет2/2
Дата23.05.2022
өлшемі142,88 Kb.
#35357
1   2
Байланысты:
Сөж 1 (копия) (копия)

Зерттеу сұрағы: Шетелде оқып келген жастар неге Қазақстанға келіп жұмыстарын жалғастырғысы келмей, басқа елге қоныс аударғылары келеді?
Гипотеза: Мемлекеттің әлеумметтік- экономикалық жағдайы төмендесе өзге елге қоныс аударатын азаматтардың саны өседі.
Жазбаша тезис:
Кейінгі үш жылда эмиграцияға кеткен азаматтар саны артқан. Қазақстандықтардың шетелге көшуінің басты себебін анықтау үшін нақты зерттеулерге сүйену керек. Дегенмен демография ғылымы бойынша, адамдардың бір мекеннен екінші жерге қоныс аударуына ішкі итермелеуші фактор және тартымды етуші фактор әсер етеді. Итермелеуші факторға тұрғылықты елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы, жұмыссыздық, инфроструктураның дамымауы, білім сапасы сияқты мәселелер түрткі болуы мүмкін. Ал тартымды етуші факторға басқа елдердегі жағдайдың позитив түрде қабылдануы, жаңа мүмкіндіктер және жоғары деңгейдегі экономикалық ахуал себеп болады.

Тәуелсіздік жылдapы жapuяланған деректердe кеңестik билikтiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтap 4-4,5 млн. Адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, «1920 жылдардағы ашаршылықтан өлгендердің саны 2,3 млн. Адамға жеткені», қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтің деректерінде «ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырағаны» айтылады.
Қазақ тарихында «ұлы жұт» (ағылш. «Great Famine») атауымен қалған 1920-30 ж.ж. ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптарының өте ауырлығы дәлелдеуді қажет етпейді. Сол кездегі қазақ зиялыларының мәліметтері бойынша, ашаршылық апаты Алтайдан Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған. Бұл жылдары дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады, бірден-бір тіршілік көзінен айрылған қазақтарға біржолата жойылу қаупі төнді.
КСРО-да жүргізілген күштеп ұжымдастыру науқаны Қазақ елін айналып өтпегені белгілі. Жаппай тәркілеу құрығына шаруалармен қатар, дәулетті қазақ байлары мен кезінде билік тізгінін ұстаған хандардың ұрпақтары ілікті.
1931-1933 жылдардағы ашаршылық кем дегенде 4 миллионға жуық адамның өмірін қиды, оның көпшілік бөлігі республика аумағында қазаға ұшырады. Олар киіз үйлер мен қысқы тұрғын үйлерде аштықтан тұруға шамалары келмей ажал құрсауында қалды. Аман қалудың амалдарын іздеп босқандардың сүйектері далада қалды. Аштыққа ұшыраған адамдар қала көшелерінде, шаруа ауылдарының маңында, кеніштер мен зауыттарда соңғы демдері таусылғанша дәрменсіз күйде жатты.1925 жылы 13 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі орталық билік Филипп Исаевич (Шая Ицкович) Голощекинді жіберді. 1933 жылдың 21 қаңтарына дейін осы қызметте отырған Голощекин тұсында қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан өткізді.Оның қылмысы – ашыққан халықты құтқару үшін уақытылы шешім қабылдап, шаралар қабылдамағаны. Малы барлар «көшіп кетіп» қана қарабастарын аман алып қалуға мәжбүр болды. Үйдің дүние мүлкі тартып алынды, малдары «пышаққа түсті». Сондықтан, 1931 жылдың күзінен бастап Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан жеріне қарай беталған, аштыққа ұшыраған қазақ халқының ағыны тоқтамаған. Бір жағынан жаппай көшіп кету ұжымшарлар құру саясатына ұжымдық наразылық пен қазақтың қарсылық түрінің бірі болса, екінші жағынан аштықтан өліп қалмаудың жалғыз жолы болды. Зерттеушілердің соны деректері бойынша, республиканы осы жылдары 1 миллион отандасымыз тастап кетуге мәжүбір болған ekeн.
Дана халқымызда өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген әдемі бір нақыл бap. Бірақ бүгінгі таңда бұл нақылдың өзектілігі жойылып бара жатқан сияқты. Себебі көп қазақтар елден кетуге құмар. Әрине әркімнің өз қалауы, өз еркі. Мысалы статистикаға сүйенсек жыл басынан 9 айда 21 мың адам шетелге көшсе, ал жәй ғана 43000 адам себепсіз ғана елден кеткен. Басқа ұлт өкілдерінің өз туған отандарына кетуі ол зандылык. Олардың көшбасында орыс,ykpauн, немыстер тұр. Ал одан кейінгі орынды өзіміздің қазақтар алып тұр. Отыз жеті пайызды құрайды екен. Басым бөліктері 25 пен 37 жас аралығындағы жастар. Бұл қазіргі бейбіт заманда жәй ғана елден кетіп жатыр. Ал отызыншы жылдардағы ашаршылықтан, қуғын мен сүргінген бас сауғалап кеткен шетелдегі қазақтар амалдың жоқтығынан елін өзге елге алмастырды. Ал біздер ай мен күннің аманында елімізді тастауға не себеп болды екен ?
Coңғы үш жылда елде эмиграция артқан. Ағымдағы жылдың 5 айында басқа мемлекеттерге кеткендердің саны 13 мыңға жуық. Өткен жылдың сол мезгіліне қарағанда 17 процентке көп. Жалпы, былтыр елімізден 38 мыңдай адам көшкен етін. Шет мемлекетке қоныс аудару да, сырттан көшіп келу де әлем бойынша тоқтамайтын процеске айналған сияқты.
Ұлттық статистика бюросының (Бұрынғы Статистика комитеті) дepekтеpiне қарағанда, 2020 жылы Қазақстанның 29 мың азаматы шетел асқан екен. Мәліметтepге көз жүгіртсек, коронавирус пандемиясының сыртқы көші-қонға әсер еткені анық байқалады. Мысалы, 2019 жылы елден кеткендер саны 45 мыңға жеткен. Ал одан бір жыл бұрын 41 мың адам бақытын іздеп жыраққа бағыт алыпты. Ал бұл сандарға қарап отырып алаңдауға негіз бар. Өзіміз аз ғана қазақпыз ал олар жыл сайын осылай шетел асып кете берсе ертеңіміз не болады деген ой мені мазалайды. Жыpakka кеткендepдің басым бөлігі, яғни 25 747 адам ТМД елдеріне қоныс аударған. Соның ішінде көршілес Ресейге табан тіpeгендердің қарасы мол. Былтыр олар­дың саны 25 126-ға жеткен. Ал алыс ше­телге қоныс аударған 3 341 адамның басым бөлігі Германияны таңдаған (2 249).
Cыртқы көші-қон айырмашылығының кepi кетуінe шетел асқандардың күрт көбеюі емес, алыcтан атажұрт аңсап келген қандастардың азаюы әcep етіп отыр. Былтыp шетелге 1 309 қазақ арман қуып аттанса, атажұртты аңсап келгендер саны 5 529-ға жеткен ekeн. Бірақ Өкініштісі, кейінгі жылдары қандастарымыздың елге келуі бәсеңдеп қалды. Салыстырып қарасақ, 2010 жылы 29 мың адам атажұртына оралған деседi.
Жаһанданған қазіргі заманда әлем азаматтарының елдер арасында қатынауы, шетел аралауы, өзге елге барып, білім алуы, еңбек етуі, қоныс аударуы қалыпты үрдіске айналды. Аталған тенденция болашақта да осы қарқынмен дами берсе көші-қон үдерістерін одан әрі күрделендіре түспек.

Ақылды жастардың шет мемлекеттерге ағылуы да қазіргі таңда елдегі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе саналады. Осы және миграция төңірегіндегі өзге де проблемалар көзі қарақты жандарды алаңдатып қана қоймай, мемлекет тарапынан да тиісті шешімдерді талап етуде. Сыртқа бағытталған ақыл-ой ағынының түбінде елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси т.б. мәселелердің бар екені анық. Сондықтан осы мәселелерді шешу кешенді түрде әрі ғылыми-зерттеулерге негізделе отырып іске асырылуы қажет.
Неге адамдар жат жұрттан жұмақ іздеп өзге елге көшіп жатыр. Әр нәрсенің керісінше тұсы себебі болпды. Тұрақты жұмыстың болмауы, болған күннің өзінде жалақысының мардымсыздығы, ең өзектісі – бас­пана мәселесі жастардың «жайлы өмір» іздеп шетел асуына өз «септігін» тигізіп отырған. Ал бұған бір емес бірнеше себеп бар. Соған тоқталып өтсем.


  1. Ең басты проблема ол өз үйім, бос сарайдай боз үйім демекші баспана мәселесі. Жайлы өмір демекші, рас, кім бол­сын, өз елінен пана тауып, отбасын асы­рап, үлкен өмірге қанат қаққысы келеді. Ешқандай да кедергілерге тап болмай, тұрақты жұмысын істеп, еңбегіне сай жалақысы мен сыйақысын алып отырса, әсіресе баспанасы болса шетелді қатты аңсамайтын едік. Ал біздің елде үй бағасы қатты шарықтап кетті. Оған қоса пәтер жалдау құны да өте жоғары. Таза әдемі сапалы кең үйді жалдау үшін қалтаңдағы ақша жоғары болу керек. Бүгінде еліміздегі 20 мен 35-ке дейін­­гі жас отбасылардың басым көп­шілігі айлығын шайлығына жеткізе ал­май, ілдәлдалап күн көріп жүр... Жалақы­сының тең жартысын жалдап тұрып жатқан пәтеріне төлейді. Ал азық-түлік, жанармай, жолақы, сондай-ақ тұрмысқа қажетті тауарлар бағасының шарықтап тұрғаны – өз алдына бөлек әңгіме.

Сонымен қатар үй алу үшінде мемлекеттік бағдарламалар іске қосылған. Бірақ уақыт пен жеке тексерістері ұзақ уақыт алатындықтан көбі қолын соза бермейді. Сол үшін біраз жеңілдетілген нұсқасын қарау керек сияқты. Осы баспана мәселесін алдымен шешілсе көп қазақ жұмағын өз елінен салар еді…


  1. Ал келесі актуалды себеп қалтамызды томпайтамыз деп басқа елде жұмыс жасауды дұрыс көріп отыр. Бұған негізгі себеп елдегі жалақының төмендігі, жұмыспен қамтамасыздық төмек екенінің белнісі. Білімімді жетілдіремін дегендерді қоспағанда, жоғарыда аталған дәл осы проблемаларға шыдамаған кей жастар, осылайша, шетел асуға мәжбүр. Ол жақта да шекесі шылқымайтыны белгілі. Дегенмен, елімізге қарағанда, қара жұмыс істесе де біршама жақсы жалақы алып, еркін өмір сүруге бейім­деліп қалғандары да жоқ емес. Тіпті кейбірі өздері білім алып не еңбек етіп жатқан елдерде біржола қалудың қамында жүр екен. Әрине, бұл – әр адамның өз құқы, жеке өмірі десек те, жастардың мұхит асып, «қағанағы қарық» болып байып кетуі де екі талай.. Әйтпесе «Бәлен жерде алтын бар, барсаң, бақыр да жоқ» дегеннің күйін кешіп, отанымызға аш-жалаңаш оралып жатқан замандастарымыз көптеп саналады. Өзге елдің аты өзге ел. Өз заңы, менталитеті бар. Қанша жалақы көп болсада өмір сүру қымбат болуы мүмкін. Осы жағын көп ойламастан шетелге кетуге асық. Шетелге жайлы жұмыс іздеп барып, құлдықтың құрбанына айналғандар туралы осы күнге дейін аз естіген жоқпыз. Work&Travel бойынша АҚШ-қа жұмыс іздеп барып қаза тапқан Айнұр Ахметованың жағдайы әлі есімізде. 2011 жылы Аустралияға аттанған Сағынай Батырханованың қайтыс болуы да қоғамда қызу талқыға түсті. Санамалай берсең, мұндай тізім бітпейді. Ауыр жұмыстарға, жыныстық қызметке жегіліп, отанына әрең оралған қаракөздеріміздің тағдыры да ешкімді бейжай қалдырмаса керек. Еліміздегі әлеуметтанушылар қазақ жастары негізінен дамыған Канада, АҚШ, Германия, Түркия , Корея секілді мемлекеттерге қоныс аударуға құштар екенін айтады. Егер де өз елімізде де зауыт тар , фабрикаларды көпткп салсақ , еңбектеріне сай жалақы жоғары болса көп адамдар ақша табу үщін шетел асып қаңғымас еді.

3.Шетелде білім алған жастардан Қазақстанға келер пайда бар ма? Шетелде жастарымыз оқсын тоқысын білім алсын дейміз, ал олар оқыған білімдерінің жемісін өз елдеріне беруді жөн санамайды. Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында мыңдаған шәкірт шетел асып, «инемен құдық қазыпты». Ал мұның сыртында әртүрлі шет­ел­дік гранттармен өзге елге қанат қаққан жас­тарымыз қанша? Санын дөп басып айту қиын. Олар­дың қаншасы елге оралып, жемісті еңбек етіп жүр? Тағы да күңгірт... Сол жастарымыз өзге елден нен­дей тың жаңалық, нендей тың серпіліс әкеліп жатыр? Әрине, келешектің көкжиегін кеңіту үшін жастарымыздың дамыған елдерді көруі, сол жақтан дәріс алып, елінің кеме­сін алға сүйреуі қажет-ақ. Мұны жоққа шы­ғаруға болмайды. Мәселен, осы бағыт­та «Болашақ» бағ­дарламасы жастарды өзі таң­­даған озық оқу орнына орна­лас­тыру, оны оқуын бітіргенше қа­да­ғалау, сосын елге қайтқан соң жұ­мыспен қамту сынды жұ­мыстарды дөңгелетіп жатқаны рас. Де­сек те, бар мәселе осы жайттармен шек­те­ліп қалмауы қажет. Бұл мәселе жалпыұлт­т­ық сипат алып, шетелде бала оқытудың мем­лекеттік сүзгісін қалыптастыруы керек сияқты. Бүгінде білім іздеген жанның жолы ашық. Елімізде азаматтардың сапалы білім алып, білікті мамандар қатарын толықтыруы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Тіпті, әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандықтар қаншама?! Әлбетте, жастардың шетелде білім алып, өзге мемлекетте тәжірибе жинақтағаны құптарлық жағдай. Бірақ шетелде білім алған жандардың кейбірі Қазақстанға оралуға құлықты еместігі тағы бар. Талабы таудай жастарға кез келген елде қолдау көрсетілетіні айтпаса да түсінікті. Мұндай қолдау әлем елдерінде жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін де жалғасын табады. Яғни, мемлекеттік білім гранты арқылы оқыған студенттердің жұмысқа орналасуын да қамтамасыз етеді. Өкінішке қарай, біздің елде оқу бітірген жастарды жұмыспен қамту мәселесі шешімін таппай келеді. Дипломы болғанымен, жұмыссыз сенделіп жүрген жастар қаншама?! Елдегі мұндай жағдайдан хабардар шетелде білім алған жастар осыдан кейін Қазақстанға оралуға қайдан құлықты болсын?! Ал жастардан қамқорлығын аямайтын өзге мем­ле­кеттер дарынды түлектерді өздерінде қал­дыру үшін барын салады. Осылай­ша, білікті жас мамандар өзге елдің әлеуе­тін арттыруға қызмет етеді. Өзге мемлекеттің азаматтарына тегін білім грантын үлестірген елдердің олардан қайтарымын талап ететіні сөзсіз. Сондықтан жат жұртта білімін шыңдағандардың айтарлықтай бөлігі оқу бітірген елінде қалатыны шүбәсіз. ЭЫДҰ білім беру институтының мәліметтері бойынша, шетелдік студенттердің 15-тен 35-ке дейінгі пайызы диплом алғаннан кейін өздері шетелде, көп ретте, білім алған елде жұмыс істеуге қалады.
Дерек бойынша шекара асқандардың көбі орталық, оңтүстік, шығыс Қазақстаннан. Қынжылтатыны сол, елден кеткен отандастардың 2400-і техник, 1200-і экономист, 678-і педагог, 417-сі медицина қызметкері. Оған қоса 400-ден астам заңгер мен сәулетші де шекара асқан. Бұл цифр ел экономикасына кері әсерін тигізетіні анық. Расында, еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де білікті мамандар шетелге кетіп жатқаны шындық. Оған салмақты себептер де баршылық. Әрине, ел көру, жер көру тұрғысында бөлек әңгіме. Алайда қаншама несие мен тұрмыс тауқыметі шаршатқан, еңбегі үшін төленетін қомақты еңбекақыны іздеген мамандардың жайы мүлде басқа. Бүгінде бұл күйіп тұрған мәселеге айналды. Сырт мемлекеттерде тұратын қандастардың оралуы соңғы он жылдықта біршама бәсеңдеді. Ал керісінше, жыл санап басқа елге біржола қоныс аударған ел азаматтарының саны артуда.
2020 жылда өзге елге қоныс аударғандардың 3395-і – жоғары білімі бар мамандар. 1,8 мың – техникалық, 990 – экономикалық, 539 – педагогикалық, 313 – медициналық, 213 – заң факультетін, 136 – архитектура, 85 – ауылшаруашылық, 2,1 мың адам өзге де мамандықты игергендер.
Мысалы, «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелден тәжірибе алмасу мақсатында 100 мың студент оқуға кетсе, оның 300-і сол елдерде қалып қойған. Бұл шетелге білімді, білікті мамандардың кету процесінің жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар мектеп түлектерін бакалавриатқа, тіпті мектеп қабырғасына да шетел студенттерін қабылдайтын елдер жетерлік. Сол себептен елдегі тіл білетін жастардың таңдауы біздің ЖОО-ларға емес, шетел университеттеріне түсуі ықтимал. Әрине, біз жастардың өсуіне жағдай жасауымыз керек. Алайда олар елге қайтып келетіндей етіп жоспарлаған дұрыс. Дайын маман болғанда болашағын Қазақстанмен байланыстыратындай әлеуметтік жағдай жасалуы керек немесе белгілі бір құқықтық нормалар арқылы қайта келу процесін ұйымдастырған да дұрыс.
Мамандарды елге тарту үшін…
Кәсіби мамандардың шетелге кетуінің бірден-бір себебі — еліміздегі әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Бүгінде Қазақстанда жалпы жалақы мөлшері аз. Жыл сайын Үкімет әр сала маманының жалақысын көбейтіп жатырмыз дейді. Бірақ 5 жылдан бері айтарлықтай өзгеріс байқалмаған. Бұл — инфляцияның көрінісі. Мұндай жағдайда жас әрі білікті мамандардың шетелге кетіп қалуы — орынды нәрсе. Егер осылай жалғаса берсе, Қазақстанда мамандар тапшылығы пайда болады. Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде дәрігер жетіспейді. Ең қорқыныштысы — болашақта халықты кім емдейді, кім оқытады, кім дамытады? Кәсіби мамандар шетелге кетпеуі үшін мемлекет жоғарыда айтылған проблеманы шешуге тиіс. Сонымен қатар жеке кәсібін бастағысы келетін жастарға қолдау көрсеткен абзал. Жуырда «Сыбаға» атты бағдарлама туралы естідім. Бағдарлама жеке кәсіпкерге, фермерлікпен айналысамын деушілерге несие береді екен. Меніңше, осындай бағдарламалар бойынша берілетін несиенің процент мөлшерлемесін азайту қажет. 2020 жылы билік осы мәселелерді ескерсе нұр үстіне нұр болар еді.
Меніңше, еліміздегі жұмыс берушілер мамандарды жұмысқа қабылдарда оның тәжірибесіне емес, талантына және білігіне назар аударғаны жөн. Сол кезде мамандар шетелге кетпес еді.
Егер еліміздегі жемқорлық мәселесін шешсек, барлық саланың сапасы, деңгейі артады, мамандардың да ертеңге сенімі артады.
жоғары білікті мамандардың шетелге негізінен өзін кәсіби маман ретінде дамыту үшін кетеді. Себебі жас маманға білім мен білікті арттыруға Қазақстаннан гөрі шетелде мүмкіндік көп. Жалақы деңгейі де біздің елмен салыстарғанда әлдеқайда жоғары, әсіресе ІТ және қаржы салаларында жоғары білікті мамандарға еңбекақы жақсы төленеді.
Бүгінгі жас – ертеңгі ел ағасы. Уақыт тоқтамайды. Ал адам бойындағы энергия, ресурс шектеулі. Соны жас кезде дұрыс бағытқа жұмсап, егде тартқанда қызығын көрсем ғой дейтін жастардың көбеюі заңдылық деп ойлаймын. Американы аңсау ауылда жатып, Алматыны армандау сияқты дүние ғой. Ал Алматыға келгенмен шаруа бітпейді, орнығып, орын табу бар. Сол сияқты Америкада жүргеннің бәрінің көсегесі көгеріп жатыр деп айта алмаймын. Күніне жақсы ақша тапқанмен мақсатсыз жүріп, өмір реңкін жоғалтып алғандар да бар. 200 доллармен келіп, миллионерге айналған адамдарды да кездестіруге болады. Екі жақта да дұрыс әрекет ету керек. Айырмашылығы, мұнда мүмкіндік көбірек, – дейді АҚШ-та жүрген қазақ баласы.
Қорыта келгенде Менің ойымша, шетелге кетіп жатқан мамандарды тоқтатудың бір жолы — еліміздегі өмір сүру сапасын арттыру. Әр сала маманына еңбегіне лайық жалақы мөлшерін белгілеу керек, жемқорлықты жойып, медицина және білім сапасын жақсартуымыз қажет, тіпті жолдың сапасының өзі адамдардың елден кетуіне себеп болуы мүмкін.Шетел асқан қазақ жастарының ойы мен ниетінен түйгеніміз: елден кетуге түрткі болып отырған басты жағдай – әлеуметтік тұрмыстың төмендігі мен жалақының мардымсыздығы. Айта берсек, күрмеуі шешілмеген мәселе көп-ақ. Бізді алаңдататыны – елден кететіндердің саны жыл сайын артуында. Оның ішінде білімді жастардың кетіп жатқаны қоғамымыздың әр саласына жаңашылдық пен өзгерістің керек екенін көрсетеді. Дей тұрғанмен, ел ішін қанша жемқорлық, жағымпаздық пен таныс-тамырлық жайласа да, біздің Отанымыз біреу екенін және оның егесі сіз бен біз екенін ұмытпасақ екен дейміз. Біз мұнымен ел саясатын сынап, барымызды жоққа шығарудан аулақпыз. Кім қайда кеткісі келсе де, бүгінгідей шекаралар ашық, ақпараттық технология қарыштап дамыған жаңа дәуірде ешкімнің жолына тосқауыл бола алмайсыз. Азаматтарымызды ұстап қалғымыз келсе, ең әуелі елде әлеуметтік әділдік пен заңның үстемдігі салтанат құруға тиіс. Бәлкім, жастардың кеудесіндегі патриотизмнің алғышарты осы болар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет