Орындаған: Елемес Гүлфайруз Ергешбайқызы


Жұбановтар мұрасы –ұлттық жаңғырудың қайнар көзі



бет4/8
Дата12.05.2023
өлшемі186,39 Kb.
#92737
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба-Жұбановтар

Жұбановтар мұрасы –ұлттық жаңғырудың қайнар көзі
1.1.Күллі қазақтың мақтанышына айналған Жұбановтардың өскен ортасы, ғылымға бет бұруы
Қазақтың «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген сөзінің мағынасы қаншалықты терең десеңізші! Сөз мағынасына қашан да мән берген дана халқымыз қай сөзді де бекер айтпаса керек-ті. Ақтөбе өңірінің тумасы, күллі қазақтың мақтанышы Жұбановтардың тәрбиесі тал бесіктен басталған. Әкесі Қуан сауатты, көзі ашық, өз заманының озық ойлы азаматтарының бірі болған. Ағайынды Қуан мен Тәңірберген ел арасында мырзалығымен аты шыққан адамдар, ел оларды «екі мырза» деп атайды екен. Қуан малға жарлы болмаған, бірақ өз малын малы жоқ ағайындарға, ауыл адамдарына бөліп беріп, қағазбен заңдастырып, төлінің тек тең жартысын ғана алып отырған екен. Малды қараған ақысын төлегенімен қоймай, малдың сүтін пайдалануға рұқсат берген. Ал Қуанның бұл тірлігін бай ағайындары құптай қоймаған.
Қуан мен Бибішынар балаларына жақсы тәрбие беріп, оларды оқытуға әкесі Қуан бар күш жігерін жұмсаған. Заман оқығандікі болатынын білген. «Зерделі, көзі ашық Қуан «ендігі жерде қазақ баласы ата салтымен
жүріп күн көре алмайды» деп ұйғарады. «Жаңа заманның ағымына ілесу
үшін халыққа оқу-білім қажет. Көзі ашық адам ғана аяғын заман ағымымен
тең басады» деген тоқтамға келеді. Бұл ойын туысқандарына да айтып
көреді. Олардан аса мықты қолдау таппаса да, ол өз ойынан қайтпайды.
Қуан мұсылманша хат таныған адам бола тұра, өзі молдалық құрмаған,
бірақ сол елден медреселі мешіт салдыруға атсалысып, қырғыздан келген
Омар және Оспан атты ағалы-інілі оқымысты имамдарды жаңа мешітке
шақыртқан. Қуан балалары да әуелі сол мешіттен оқып, сауатын ашқан. Бірақ
Қуан бұнымен қанағаттанбайды, Темір-Орқаш болысында екі орыс-қазақ училищесі ашылуға тиісті екенін естіп, Орынборға барып, сол училищенің
біреуін өз аулынан аштыртуға рұқсат қағаз алады. Қуанның мектеп ашуды
сұрап жазған арызы Орынбор мұрағатында сақтаулы» [1,11]
Бұл мектеп бір кластық деп аталғанмен, үш жылдық орыс-қазақ метебі екен. Ол бала оқытуға көзі ашық жаңа сипаттағы мұғалімді іздестірген. Мектепке ауыл адамдары «бұзылып кетеді» деп балаларын бермеген соң, оған Қуан қысыла қоймайды, «жалғыз оқыса, ойын баласы ғой, зерігіп кетеді»,-деп Құдайбергеннің қасына екі жас үлкен апасы Аққатты, қарындастары Дәмет, Зиба, Ағибаны, інісі Тәпеннің қызы Бәтиманы қосып оқытқан. Осындай өнегелі, арғы аталары текті әулет Жұбановтардың бойындағы қасиет ана сүті, әке тәрбиесімен берілсе керек.
Отбасындағы ер баланың үлкені, әке тірегі Құдайберген 1899 жылы 19 желтоқсанда Темір ауданында дүниеге келген. Тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы, педагог. Ол 1938 жылы 25 ақпанда жазықсыз жаланың құрбаны болды. Әке қалауымен алдымен Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейіннен төрағасы қызметін атқарады.
1920 жылы Орынбор қаласындағы Құсаиния медресесінде оқиды. Медресені ойдағыдай аяқтап шыққанда, өз заманының сауатты азаматы ретінде таныла бастайды. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. Құдайберген 1920 жылы «Ай» атты қолжазба журнал ұйымдастырып, М.Горькидің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударып, бастырады. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б жазады. “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум шәкірттерінің қатысуымен сахнаға шығарып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланады. Құдайбергеннің сықақ, шағын фелетондары сахнада қойылып, кейбірі сауық кештерінде айтылып жүреді. Сонымен бірге, «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланып тұрады. 1925 жылы Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы Құдайбергеннің режиссерлігімен сахнада қойылады.
1920-1922 жылдары ауылда мұғалім болып жұмыс істейді. 1922-1924 жылдары Темір уездік оқу-ағарту бөлімі басшысы болса, ал 1924-1927 жылдары Ақтөбе губерниясы оқу – ағарту бөлімінде басшылық қызмет атқарады. Сонымен бірге Ақтөбе педагогикалық техникумында сабақ та береді. Өз бетінше оқып, білімін толықтыра түседі. Жастайынан өнер- ғылымға ден қойған Құдайберген ғылым жолына бет бұрады. Ол 1925 жылы Мәскеуде өткен түркі тілдес республикалардың жаңа әліпбиге көшуіне байланысты кеңеске қатысып, сөз сөйлейді. Түркі тілін зерттеген ғалымдар еңбектерімен танысады. 1928 жылы Санк - Петербургтегі Шығыс тілдері институтының толық курысын бітіріп шығады. 1929 жылы Түркі тілдерін зерттеуші академик А.Н.Смайлович басшылық ететін «түркітану семинарийіне» оқуға қабылданады. 1930 жылы сол кездегі ең үздік ғылыми оқу орны КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтуның аспиранты болады. Аспирантурада ол белгілі тілші ғалымдар Н.Я. Марр, А.В.Богородицкий, т.б сабақ алады. 1932-1937 жылдары қазіргі Алматы мемлекеттік университетінде профессор, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылымға қызығушылығы 1925 жылдан басталып, өмірінің соңы 1937 жылға дейін жалғасады. Құдайберген құрықты жұлдыздай жарқ етіп, қазақ ғылымының аспанына шыға келді де, ғұмыры да құйрықты жұлдыздай қысқа болып, тез үзілді. Дегенмен, артында қалған мол мұрасының тағылымы күні бүгінге дейін өз мәнін жоймады. Керісінше, жыл өткен сайын жарқырап, ғылыми еңбектерінің орны қазақ ғылымын дамытуда айқындала түсті. Құдайберген Жұбанов еңбектері әдебиеттану, тіл білімі, философия, халық тарихы, психология, педагогика, оқыту әдістемесі сынды сан салалы ғылымдарды қамтиды.
Әкесі 49 жасында дүниеден өткенде Құдайберген інісі Ахметке бас-көз болады. Оның әрі қарай оқып, білім алуына жол ашады. Ахмет алғашында Құсайын Арынғазиевтен біраз тәлім-тәрбие алады. 1919-1928 жылдары өзі туып өскен жері Темір ауданында мұғалім, хатшы сияқты түрлі қызметтер атқарады. Темірде скрипкашы П.Черняктан скрипка тартуды үйренеді. Ол сондағы әуесқойлар оркестіріне қатысады. 1929 жылы ағасы Құдайберген оны өзімен бірге Ленинградқа алып кетеді. Ахметтің шын музыкант ретінде білім алуы осы уақыттан басталады. «Ахмет Жұбанов онда Ленинградтың М.И.Глинка атындағы техникумында Этигонның скрипка класы бойынша білім алады. Консерваторияда профессор Н.А.Ниманның гобой класы бойынша дәріс тыңдайды. Кейін музыканың теориясы мен тарихы факультетінде оқиды. Оның алғашқы зерттеу мақаласы 1930 жылы Ленинградтың «Рабочий и театр» журналында жарияланды. Ол зерттеуші-теортиктер, майталман мамандар Б.В.Гурбер, А.В.Островский, Х.С.Кудшарев, Ю.Н.Гюлйндерден дәріс алды» [2,13] Осы уақытта ол музыка зерттеушілерінің еңбектерімен танысып, музыкалық шағармаларды нотаға түсіруді де үйренген. Музыка этнографиясынан лекциялар тыңдап, музыка фольклоры саласына қатысты ғылыми еңбектермен танысады. Болашақ музыка зерттеушісінің ғылымға жолы осылай салынады.
Ахмет – қазақтың көрнекті музыка зерттеушішісі, композиторы, тарихшысы, дирижері. Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі. Ол – өнертану ғылымының докторы, профессор. Ахмет- бар саналы ғұмырын қазақ музыкасының өсуі мен қалыптасуына арнаған адам. Еңбегімен артына өшпейтін із қалдырды. Ағасы Құдайбергенді тұтқындағанда оның өмірінде қиын кезеңдер басталады. Соған қарамастан, қиыншылықпен күресе жүріп, қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет