Орындаған: Елемес Гүлфайруз Ергешбайқызы



бет7/8
Дата12.05.2023
өлшемі186,39 Kb.
#92737
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба-Жұбановтар

Қорытынды
Жұбановтар шығармашылығы ғасырлық туындылар десем, артық айтқандық емес шығар. Құдайберген ғылымның сан саласында өзінің барлық күш - қайратын жұмсаған ғалым деп сеніммен айта аламын. Себебі ғалым Құдайберген Жұбановтың тіл білімінде, латын графикасына өтер тұста тілдегі дыбыстардың дұрыс айтылу заңдылығын сақтап қалуға бар күш жігерін жұмсаған. Қазақ ұлтының дыбысты айтудағы сингормонизм заңдылығын сақтап қалған. Дыбысты таңбалайтын әріптердің аз болуын қадағалаған. Сол уақыттағы өміршең мәселені дұрыс түсініп, қазақ ұлтын сауаттандыру жолында барлық күш қайратын жұмсаған. Елдің басқа ілім-білімі дамыған елдермен қатар тұруын мақсат еткен. Осы жолда аянбай еңбек еткен.
Ахмет ХХ ғасырда қазақ музыкасының алтын қорынан орын алатын шығармалар жазып кетті. Құрманғазыны опера тілінде сөйлетті. Операда Абайдың жарқын бейнесін музыка арқылы бере білді. Өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, қазақ музыкасының жаңғыруы мен жаңаруында өз қолтаңбасын қалдырды. Музыканы ұлттық болмыс, ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырды. Оның аяқталмаған Құрманғазы операсын қызы Ғазиза жалғастырды. Осылайша, ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тапты.Тәуелсіздік алар тұста Ғазиза ғасырлар бойғы ұлт күресін Құрманғазы бейнесі арқылы көрсетті. Сондықтан да Жұбановтар салған ғылым мен музыкадағы сара жолмен жүретіндер көп болды. Құдайберген еңбегін І.Кеңесбаев жалғастырды.
Зерделеу жұмысын қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні демекші, Жұбановтар еңбектерінің жас ұрпаққа берер тәлім- тәрбиесі мен тағылымы баға жетпес деп ойлаймын. Сондықтан айтар ұсынысым:
- біріншіден, қазақ тілі пәнінде Қ.Жұбановтың ғылыми еңбектері басшылыққа алынса, ұлттың бойынан жойлып бара жатқан ұлттық құндылықты танытуда таптырмас құрал болар еді әрі қазақ сөздерін емлеге сай айту, жазу түзелер еді деп сенемін;
- екіншіден, қанша заман өтсе де, кешегі тарихты, аға ұрпақтың еңбектерін ұмытуға болмайды! Әсіресе, Құдайберген мен Ахмет еңбектерін ел тәуелсіздігі жолына қосқан үлестері деп пайымдаймын;
- үшіншіден, Ғылымның барлық саласында дерлік еңбек еткен Жұбановтардың өнегелі өміріне арналған кинофильмдер түсірлсе деген де тілегім бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет