Менің алға қойған мақсатым– осы сұрақтар төңірегінде «Жұбановтар мұрасы – ұлттық жаңғырудың қайнар көзі» деген тақырыпты ала отырып, іздену жұмысында өзіндік ой - пікір білдіру; Жұбановтар бойындағы асыл қасиеттерді келешек ұрпаққа үлгі ету;
Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан өскелең жас ұрпақты тіл білімінің алғашқы профессоры Құдайберген Жұбановтың аз ғана ғұмырындағы ұшан-теңіз еңбегінің ұлттық жаңғыру деген ұғыммен байланысты зерделеу;
Ахметтің өнер саласындағы еңбектерін саралай отырып, ұлттық музыка өнерінің ХХ ғасырдағы дамуына қысқаша шолу жасап, ұлттың ұлт ретіндегі жаңғыруындағы музыка зерттеушісі еңбектерінің рөлін анықтау;
Жұбановтар еңбегі арқылы өз замандастарымды адами құндылықтарға, өзін-өзі тануға тәрбиелеу, зерттелген материалды бір жүйеге келтіру.
Осы жолдағы менің шамшырағым да, қолымдағы қаруым да – Жұбановтардың өнегелі өмірі мен ғылыми еңбектері, зерделі ойлары, көрегенді ақыл-парасаттары болатынына кәміл сенемін. Зерделеу жұмысын жазбас бұрын алдымен, осы бағытта жазылған ғылыми жұмыстарды салмақтап шығуға тура келді. Сол себепті көп іздену мен еңбектенуден туған, бас-аяғы шымыр жұмыс болады деген үміттемін.
Жұмыстың міндеті:
- Тіл білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбановтың ғылыми еңбектерін ұлттық жаңғыру тұрғысынан қарастыру;
- Ахметтің музыкаға қосқан үлесін оқырманға таныту, ұлттық мүдде, ұлт тұрғысынан талдау;
- Жұбановтардың өнегелі өмірлерін, олардың бойындағы қазақы мінезді, өз ұлтына деген сүйіспеншілікті бағалау;
- Сол арқылы өз замандастарымды адами қасиеттерге, өзін-өзі тануға тәрбиелеу, зерттелген материалды бір жүйеге келтіру.
Ғылыми жобаны жазу барысын екі кезеңге бөлдім. Бірінші кезеңде кітапханалар мен сайттарды саралау, Жұбановтар өмірі, ғылыми еңбектері туралы мәліметтерді жинақтау арқылы зерттеудің алғышарттары, негізгі мақсаты мен міндеттері анықталды. Екінші кезеңдежинақталған дереккөздерді, материалдарды, естеліктерді негізге ала отырып ғылыми тұжырымдама жасалды.