Негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімі
Алғашқы медико–санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде (CITO):
– АҚҚ өлшеу;
– жалпы несеп талдауы (нәруыз);
– жалпы қан анализы (гемоглобин, тромбоциттер).
Стационар деңгейінде:
– АҚҚ өлшеу;
– ЭКГ;
– жалпы несеп талдауы, тәуліктік несептегі протеинурия;
– жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, ұю уақыты);
– биохимиялыққан талдауы (жалпы нәруыз, креатинин, АлАТ, АсАТ, мочевина, билирубин);
– коагулограмма;
– нәрестенің КТГ-сы;
– УДЗ;
– допплерометрия.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер Орташа және ауыр дәрежедегі преэклампсияның болуы - көз дәрігері және терапевтің қарауы; ми симптоматикасы, әсіресе тырыспа мен ессіз күй (кома) болса, қосымша - невропатологтың қарауы, бүйрек жетіспеушілігінің белгілері болса - неврологтың қарауы керек.
Дифференциалды диагностика
Артериялық гипертензия
Протеинурия
Ісіктер
Тырыспалар
Преэклампсия
Гестацияның 17 аптасынан кейін пайда болады, бұрын байқалмаған, босанғаннан кейін 6 аптаның ішінде кетеді
Анамнез мәліметтері бүйректің созылмалы аурулары барлығын болжауға мүмкіндік бермейді
Жүктілік кезінде ғана пайда болып, босанғаннан кейін тез арада кетеді
Жүктілік жоқтағы тырыспа синдромы немесе бас-ми жарақатына анамнез мәліметтері жоқ
Пиелонефрит
Тән емес
Зәр және қан анализдеріндегі қабыну белегілерімен тіркесімде болуы мүмкін, клиникалық - гипертермиямен, қалшылдаудың оң симптомдарымен және улану белгілерімен.
Тән емес
Жоқ
Гломерулонефрит
Жүктілікке дейінгі гипертензияға берілген анамнез мәліметтері бар
Бар, бірақ көбіне зәр анализіндегі (гематуриямен, цилиндрлермен және ә.қ.), басқа өзгерулердің тіркесімде, босанғанға 6 апта өткеннен кейін де сақталады
Бар, көбіне бүйрек созылмалы ауруларының белгілерімен тіркеледі, босанғанға 6 апта өткеннен кейін де сақталады
Жоқ
Гипертониялық ауру
Жүктілікке дейін пайда болады немесе гестацияның 17 аптасынан бұрын тіркеледі, босанғаннан кейін 6 аптаның ішінде кетпейді