Oрындaғaн: ги-33 тoбының cтyдeнтi Куттымуратова Ф


Мәceлeнiң зeрттeлy дeңгeйi



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі58,52 Kb.
#130068
1   2   3   4
Мәceлeнiң зeрттeлy дeңгeйi: Д.А.Қонаевтың жастық шағы, өмірбаянына арналған «Өтті даурен осылай» Алматы: «Дәуір» 1992ж , бұл кітапта жастық шағы, еңбек жолындағы алғашқы жетістіктері және қызметі жайында айтылған.Біздің зерттеуіміз бойынша, Д.А. Қонаев ешқашан Лениногор қорғасын – мырыш қомбинатының бас директорының қызметінде болған емес және оны ешкім бұл қызметтен босатқан емес. Ол тек 1939-1942 жылдары Риддерлік кен басқармасының директоры қызметін атқарды. Ал енді үш мәрте социалистік еңбек Ері атағының оған берілгендігі туралы айтатын болсақ, біздің ойымызша Д.А. Қонаевтың оны еңбегіне лайық алғандығында ешкім күмән келтірмейтін сияқты әрі қала басшылары екі мәрте Кеңес Одағының батыры және Социалистік еңбек Ері болған адамға көзі тірісінде ескерткіш қойылу тиіс деген заңға сәйкес оған ескерткіш орнатқан болатын. Қонаевтың ұлтына күмән келтіре отырып, авторлар оның өзінің айналасына ұлы жүздің қазақтарын тартты дей келе өздеріне-өздері қарсы шығады.Қонаевтың туылған жері туралы мәселеде авторлардың өздері шатасып кетті. К.Асанов оның Баханаста емес Алматыда туылғандығын пайымдаса, Т.Беркімбаев оның отаны Жамбыл облысы деп жазады. Біздің ойымызша бұл көңіл аударуға тұрмайтын мәселе.
Д.А.Қонаев туралы айтылған даулы, дәлелсіз, қосалқы айыптарды теріске шығара отырып біз оны мінсіз тамаша болды деп айта алмаймыз. Д.А. Қонаевтың мемлекетті басқару кезіндегі жұмысында әрбір адамға тән жіберген қателіктері болды. Мәселен республикалық облыстық деңгейдегі қызметтердегі басқару орындарға кадрларды іріктеу және ұсыну кезінде қателіктер жіберілген еді. Міне сондықтан олардың арасынан жауапкершілігі жоқ, адал емес белсенділік танытпаған адамдар шықты. Олар кәдімгі тұрақсыз, құбылма адамар болды. Д.А.Қонаев өзінің мінезіне тән жұмсақтықтың салдарынан әрдайым қатаң табандылықты танытпай, соңғы жылдары өзін қоршаған ортаның ықпалына түсті.[1]
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері:ХХ ғaсырдың aтaқты мeмлeкет және саяси қайраткер ретінде Д.А.Қонаевтың бейнесін жан-жақты қарастыру, зерттеп жазу.
Мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс:
-Д.А.Қонаевтың жастық шағын, өмірбаянын ашып көрсету.
-Д.А.Қонаевтың қоғам қайраткері ретінде атқарған қызметін жүргізген жұмыстарын саралау ;
-Д.А.Қонаевтың Қазақстанның мәдениеті мен экономикасының қарқынды дамуында оның қосқан үлесі мен рөлін қарастыру;
-Дара тарихи тұлға ретінде қазақ тарихындағы орны мен рөлін айқындау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет