Oрындaғaн: ги-33 тoбының cтyдeнтi Куттымуратова Ф



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі58,52 Kb.
#130068
1   2   3   4
Зeрттeyдiң ныcaны: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың саяси портреті.
Зeрттeyдiң пәнi: : ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында Қазақстанды басқарған Д.А.Қонаевтың мемлекет және саяси қайраткер ретінде Д.А.Қонаевтың бейнесін жан-жақты қарастыру, зерттеу,көрeгeндiгi мeн дaнaлығы, диплoмaтиялық caяcaткeрлiгi қиын-қыcтay кeзeңдe eл бiрлiгiн caқтaп қaлғaн кeзeңдeгi caяcaты.
Зeрттeyдiң дeрeктiк нeгiзi: Соңғы жылдары замандастарының естеліктерінің бірнеше жинақтары жарық көрді: Д.А.Қонаевтың қоғамдық және саяси өмірі тарихи еңбектерде, оқулықтарда, қазақ совет энциклопедиясында кездеседі. Қонаевтың Қазақстан Республикасының өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, мәдениет саласын дамыту зерттеулер жеке басылымдар мен қатар өзінің замандастарының естеліктер жинағы шықты. Абдірайымұлы С, "Сыйластыққа ештеңе жетпейді" :Жас Алаш 2003[2], Көмекова Р, "Ұлы адамнан ұлағат" Алматы: "АБА Айкос" 2000[3], Жақып М, " Тұлғаға тағзым " Егемен Қазақстан 2008[4]. Бұл кітабында Д.А.Қонаевтың естеліктеріне шолу жасаған.
Аталмыш еңбектерде қоғам қайраткерінің қызметі, өмірі жайында замандастарының естеліктерімен өлеңдері негізінде жазылған: Б.Тілегеновтің "Тұйық өмірдің құпиясы" Алматы: 1992ж[5], Ерімбетов М, " Мырзашөлдегі кездесулер":Жас қазақ – 2008[6], "Д.А.Қонаев Кеңестік Қазақстан" Алматы: 1980ж. мерзімді баспасөз беттерінде К.Аухадиевтің, Ж.Аупбаевтың, И.Жеменейдің, К.Таукеновтың, Д.Кішібековтың, К.Смаиловтың, Я.Белоусовтың, Б.Турсумбаевтың, И.Тасмағамбетовтың, М.Сагдиевтің, С.Абдраимовтың, К.Ултараковтың мақалалары Д.А.Қонаевты жағымды тұлға ретінде сипаттайды[7].
Сонымен қатар кейбір басылымдарда қайта құру жылдарында Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметінің жеке жақтары сынға алынды. Олардың ішінен Кәрішал Асан атаның теріс түсінікпен ерекшеленетін "Тәуелсіздіктің елесі" [8] атты кітабы мен Тоқтасын Беркімбаевтың "Оқшау ойлар"[9] атты мақалалар тізбегі. Бірден айтайық, автор Д.А.Қонаевты сынаған кезде, негізінен бірінші автордың ұстанымын қайталап, жаңадан ешнәрсе енгізген жоқ. Бұл басылымдарда Д.А.Қонаевтың 1942 ж. КСРО түсті металлургия министрінің бұйрығымен Лениногор қорғасын – мырыш комбинатының бас директорының қызметінен босатылғандығын дәлелсіз тұжырымдайды. Олар Қонаевқа үш мәрте берілген Социалистік еңбек Ері атағы еңбегіне лайық берілгендігіне күмән келтіреді, оған көзі тірісінде не үшін ескерткіш қойды деген сұрақ қояды, ұлтына да күмән келтіреді., оның шын мәнінде Алматы да туылып, бірақ кезінде Баханаста туылдым деп жазғандығын айыптайды, ал Беркімбаев оның Жамбыл облысында туылғандығын жазады. Авторлардың барлық осындай пікірлері еш дәлелденбеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет