Көмекшілік қызмет мәніндегі етістіктер: ет, де, т.б/ [М.Балақаева “Современный казахский язык” Алматы: Мектеп, 1959 жыл. 201-208 беттер]
Ы.Е.Маманов өз еңбегінде етістіктерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай топтастырып бөлу өте қиын, тіптен мүмкін де емес оларды мағынасы жағынан басты ерекшеліктеріне қарай, бірнеше топқа бөлуге болатындығын айта келіп, 8 топқа бөліп көрсеткен:
1. Іс-əрекеттік қимылды білдіретін етістіктер: жазу, сызу, көтеру, шашу. 2. Қозғалыс қимылын білдіретін етістіктер: жүгіру, еңбектеу, домалау. Қалып-күй процесін білдіретін етістіктер: тынығу, жүдеу, арықтау.
Көңіл-күйді білдіретін етістіктер: қайғыру, қуану, күлу, жылау.
Сапалық белгінің өзгерісін білдіретін етістіктер: ұзару, ағару, азаю.
Еліктеу, бейнелеу етістіктері: жымыңдау, пысылдау, гүрсілдеу.
Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер: балалау, қоздау, боталау.
Субъективтік реңді білдіретін етістіктер: азсыну, көпсіну, кемсіту [ Ы.Маманов «Қазіргі қазақ тілі. Етістік» – Алматы: Мектеп, 1966. – 156 бет]