Орындаған: Жолдыбай Г. Рахматулла А, Жиенбаева М. Қабылдаған


М.Оразов «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктер» етістіктерді жіктеуі бойынша



бет8/11
Дата15.04.2023
өлшемі42,17 Kb.
#83042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
дыбыс-сес, қозғалу етістіктері

М.Оразов «Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктер» етістіктерді жіктеуі бойынша:

  1. Амал - әрекет етістіктер

  2. Қозғалу етістіктері

  3. Сөйлеу етістіктері

  4. Ойлау етістіктері

  5. Дыбыс - сес етістіктері

  6. Өсіп - өну етістіктері

Сөйлеу етістіктері. Сөйлеу етістіктерінін жалпылауыш семалары дыбыс арқылы бір нәрсені, хабарды екінші біреуге жеткізуді білдіретін сема. Олар мынадай кіші топтарға бөлінеді:
1.Хабарлау етістіктері. Бұл топқа енетін сөйлеу етістіктерінің негізгі ядросы болып саналады да бір информацияны екінші біреуге хабарлау, білдіру мәнін білдіреді: айту, сөйлеу, хабарлау, жеткізу, деректеу,дерек беру, хабар беру, аузынан шығып кету, арыз айту,тілге келді, сөзге араласты т. б.
Сөйдеу, солай деу. Осылай деп айту. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 486 -бет]
Айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір, сөйлет. Айтуға, сөйлеуге мүмкіндік беру. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 35 -бет]
Айтқыш, айтымпаз. Келістіріп айта білетін. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 35 -бет]
Сөйлесу,әнгімелесу, тілдесу, жауаптасу, мәслихаттасу, сұхбаттасу, лебіздесу. Отырыс жасап, өзара пікір алысу, ой бөлісу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 486-бет]
Хабарлау,мәлімдеу, мағлұмдау, жариялау, құлақтандыру, әйгілеу, ақпарлау. Болған немесе болатын оқиғаның мән-жайын айтып беру, жеткізу.[Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 576 -бет]
2. Сөйлесу етістігі. Бұл топтағы етістіктерде сөзге араласушы біреу болмай екеу не одан да көп болады. Бұл етістіктер көбіне ортақ етіс формасында қолданыла- ды: ақылдасу,амандасу ,сөйлесу, әнгімелесу, әзілдесу, айтысу, келісу, тартыcy т. б.
Ақылдасу, кеңесу, пікірлесу. Қандайда бір істі, мәселені көптің талқысына салып, солардың пікірлерімен есептесу, санасу. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 141 -бет]
Азғыру, айналдыру, дөңгелету сөйл. Өзінің арам ойын іске асыру мақсатымен, біреуді алдап-сулап, айтқанына көндірмек болу. [Бизақов С “Синонимдер сөздігі” 28 -бет]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет