Орындаған: Жолдыбай Г. Рахматулла А, Жиенбаева М. Қабылдаған


Дыбыс-сес, бейнелеу етістіктері



бет7/11
Дата15.04.2023
өлшемі42,17 Kb.
#83042
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
дыбыс-сес, қозғалу етістіктері

Дыбыс-сес, бейнелеу етістіктері
Бұл етістіктердің тобына табиғаттағы құбылыс пен заттардың шығарған дыбысына байланысты қолданылатын сөздер енеді. Өз ішінде 5 кіші семантикалық топқа жіктеледі:
1.Адамның және жан-жануарлардың дыбысына байланысты сөздер: мөңіреу, маңырау, күркілдеу, шәңкілдеу, сырылдау, ұлу, ырсылдау, т.б
2. Табиғат дыбыстарымен байланысты: шытырлау, гүрілдеу, сарқырау, салдырлау, сыңғырлау,
3.Адамның құбылысына, бет –бейнесіне байланысты: бадыраю, адыраю, аңқаю, қақшию
4. Табиғат көрінісіне байланысты бейнелеу етістіктері: жарқылдау, жайнау, құлпыру, шалқаю, гүлдеу
5. Қимыл әрекеттің орындалу тәсілімен байланысты сөздер: теңселу, қайқаю, еңбектеу, ербеңдеу, көлбеңдеу, жалпылдау, т.б[М.Оразов «Қазақ тілінің семантикасы» Мектеп, 1980-435б]


С.Бизақов сөздігінен мысалдар:
Адымдау – қадамдау, қарыштау, аттамалау, аяқты кең басу, дыбыс-сес, бейнелеу етістіктерінің бесінші тобына жататын, қимыл-әрекеттің орындалу тәсілін білдіретін етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007-24 б]
Адыраю - одыраю, бадыраю, бақшию, бажыраю, едіреу, ежірею, ожыраю, оқшию, оқшыраю, шадыраю, дыбыс-сес, бейнелеу етістіктерінің үшінші тобына жататын, адамның құбылысына, бет-бейнесіне байланысты қолданылатын етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007-24б]
Алмасу – кезектесу, ұтылау, алмалау, ауысу, дыбыс-сес, бейнелеу етістіктерінің бесінші тобына жататын, қимыл-әрекеттің орындалу тәсілін белдіретін етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 50б]
Аяқтау – бітіру, тындыру, тамамдау, тиянақтау, адалау, жеткізу, дыбыс-сес, бейнелеу етістіктерінің бесінші тобына жататын, қимыл-әрекеттің орындалу тәсілін белдіретін етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007-90 б]
Бозару – бозамықтану, бозғылттану, бозаңыту, бозару, сұрлану, көгеру, құқылдану, дыбыс-сес, бейнелеу етістіктерінің үшінші тобына жататын, адамның құбылысына, бет-бейнесіне байланысты қолданылатын етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007-141б]
Гүрілдеу – күрілдеу, гүр-гүр етіп дыбыс шығару, дыбыс-сес бейнелеу етістіктерінің екінші тобына жататын, табиғат дыбыстарымен байланысты етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007-168б]
Далақтау – далаңдау, далбақтау, далбаңдау, далпылдау, елпелектеу, дыбыс-сес, бейнелеу етістіктерінің бесінші тобына жататын, қимыл-әрекеттің орындалу тәсілін белдіретін етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 50б]
Даңғырлау – қаңғырлау, салдырлау, гүлдірлеу, дыбыс-сес бейнелеу етістіктерінің екінші тобына жататын, табиғат дыбыстарымен байланысты етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 174б]
Дүрсілдеу – гүрсілдеу, тарсылдау, тасыр-тұсыр еткен дыбыс, дыбыс-сес бейнелеу етістіктерінің екінші тобына жататын, табиғат дыбыстарымен байланысты етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 190б]
Жадырау – жайнау, жайнаңдау, жайтаңдау, жарқырау, қайнаңдау, дыбыс-сес бейнелеу етістіктерінің төртінші тобына жататын, табиғат көрінісіне байланысты бейнелеу етістіктері[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 216б]
Икемдеу – ыңғайлау, оңтайлау, ықшамдау, ебдейлеу, дыбыс-сес, бейнелеу етістіктерінің бесінші тобына жататын, қимыл-әрекеттің орындалу тәсілін білдіретін етістіктер[С.Бизақов «Синонимдер сөздігі» - Алматы: «Арыс», 2007- 263б]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет