Орындаған: Көдек Думан Жаңабайұлы



бет4/4
Дата28.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#130860
1   2   3   4
Байланысты:
думан олигополия

Олгополиямен күресу

  • ҚР Президенті Қ.Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Бизнестің бір қолда болуы және кәсіпкерлікке қабілетті басқа адамдардың бизнеспен айналысу мүмкіндігінің болмауы барлық мемлекеттер үшін аса қауіпті үрдіс. Олигополия – ел экономикасын әртараптандыруға емес, бір қолдағы бизнесті әртараптандыруға деген тұрақты ұмтылыс. Яғни сол адам немесе бір компания кен қазып, өңдейді, банктерді басқарады және одан басқа да көптеген бизнесі бар, ал қалғандарында ештеңе жоқ» – деді.
  • Сондықтан да Президент эконо-миканы монополиясыздандыру және делдалдық тізбекті жою жүргізілмейінше, елде реформа жүргізу мүмкін еместігін білдірді. Мемлекет басшысы жасанды құрылған жеке операторлар жойылуға тиіс екенін айтты. Олардың қызметіне заң жүзінде тыйым салу қажет. Монополия нарықтық бәсекені, шағын және орта бизнесті дамытуға, инвестиция тартуға және инновацияларды енгізуге кедергі. Ал әлеуметтік теңсіздік жылдан-жылға өршіп барады. Президент өз сөзінде елімізде 1 миллион адам кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқанын мәлім етті. Олигополияның теріс салдары жөнінде көптен бері айта жүрген экономист Мақсат Халық санаулы компанияның белгілі бір нарықта үстемдік жүргізуі тұтынушылар үшін қолайсыз, олардың төлем қабілеттілігіне кері әсер етіп, өмір сүру сапасын нашарлатады, оның салдары кедейшілікке алып келеді деп санайды. «Біздегі қымбатшылық пен еліміздің кедейшілік шегіне түсуіне әсер еткен бір фактор осы» дейді. Сондықтан да олигополияның арынын азайту ел экономикасына оң ықпал етеді деп санайды сарапшылар.
  • Олигархтардың бизнестерін біртіндеп әртараптандыру, оларды олигополиялық ауаннан бәсекелестік жағдайына жеткізу бағытындағы іс-шаралар жүргізу кезек күттірмейді.
  • Жаңа Қазақстанның бәсекелестікке негізделген және олигополиясыз экономикалық саясатын құру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы іс жүзінде орындалуы тиіс.

Олгиполия пайдалы жағы

  • олигополистік компаниялар ғылыми-техникалық прогресті жеделдету үшін қажет, яғни бұл сала тауардың, қызметтің сапасын жақсартуға ықпал етеді, өндіріс көлемін ұлғайтып отырады. Бұл экономикалық өсімге алып келеді. Дүние жүзінде олигополиялық құрылымдар көптеген салада ғылым мен техника жетістіктерін дамытуда үлкен табыстарға жеткен. Олигополистік компаниялар орасан зор қаржылық ресурстарға ие болғандықтан, олар аса ауқымды жобаларды жүзеге асырады, қоғамдық қорларды қаржыландырады. Сонымен бірге қоғамның саяси және экономикалық тіршілігіне қатты ықпал етеді.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет