Орындаған: Көдек Думан Жаңабайұлы


Мысал Қазақстандағы олигополя



бет2/4
Дата28.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#130860
1   2   3   4
Байланысты:
думан олигополия

Мысал Қазақстандағы олигополя

  • Президент халықаралық сарапшылардың дерегіне сүйеніп, халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтынын атап өтті
  • НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде елдегі тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
  • "Халықаралық сарапшылар, атап айтқанда, KPMG Қазақстан байлығының тең жартысына бар-жоғы 162 адам иелік етеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды немесе жылына 1300 доллардан сәл ғана асады. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес. Тез арада жағдайды өзгерту керек және көп нәрсе сіздерге байланысты, құрметті кәсіпкерлер", - деп мәлімдеді ол.
  • Президенттің пікірінше, Қазақстандағы олигополия – бұл ел экономикасын әртараптандыруға емес, бір қолда бизнесті әртараптандыруға деген тұрақты ұмтылыс.
  • "Бір адам немесе компания өндіріп, өңдейді және банктерден қолдау көреді, ал қалғандары оны іліп әкетеді... Бизнесті монополиялау – жақсы емес. Бұл қоғамдық депрессияға, елге сенімсіздікке әкеліп соқтырады. Халықтың көкейінде неліктен бизнестің барлық түрі бір қолда деген сұрақ бар. Гегелді Бабелмен шатастыратындар бар, арнайы білімі жоқ, бірақ олардың қолында орасан зор бизнес бар. Арнайы курстарды бітірген білімді адамдар бизнес көздері мен ресурстарына қол жеткізе алмайды", - деді Тоқаев.

Қазақстандағы олигополялық команиялар:Отын-энергетика кешенінде,

  • Отын-энергетика кешенінде, оның ішінде мұнай өнімдері нарығында Petrosun, KMG, «Petroleum operating» сынды ірі жеткізушілердің үлесі 80%-дан асады. Сұйытылған табиғи газ бойынша 70% CNPC, Petrosun, KMG компанияларына тиесілі. Мұнай-газ саласы бүкіл Қазақстан экономикасы үшін басты негіз және тұрақтылық кепілі. Қазіргі заманғы әлемді мұнай өнімдерінсіз елестету мүмкін емес, бұл өнімдер барлық салада бар. 

Көмір:«Шұбаркөл Көмір» және «Қаражыра» үлесі 70%-ды құрайды. Жеткізу нарығында «Богатырь Көмір» үстем.

  • Көмір:«Шұбаркөл Көмір» және «Қаражыра» үлесі 70%-ды құрайды. Жеткізу нарығында «Богатырь Көмір» үстем.
  • Тау-кен металлургиялық кешеніндегі түсті металдарды өндіру және қайта өңдеумен айналысатын ең ірі компаниялар: «Қазақмыс» корпорациясы, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ және басқалар.
  • Темір рудасы және қара металлургия саласында басты кәсіпорындар: «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазхром» ТҰК, Жәйрем тау-кен байыту комбинаты, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, «Теміртау электрометаллургия комбинаты» АҚ және т.б.
  • Көлік және байланыс саласында да жекелеген компаниялардың үстемдігі орнаған. Темір жол жүк тасымалы бойынша негізгі нарықтық үлес «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясына тиесілі. Бұл ұлттық тасымалдаушы арнайы және әскери жүк тасымалдауды да атқарады, бүкіл темір жол торабындағы пойыздардың жоспарын іске асырады. Жолаушылар тасымалында ең үлкен үлес «Жолаушылар тасымалы» және «Қала маңы тасымалы» компанияларында – 63,5%.
  • Тұрғын үй-коммуналдық шар-уашылық нарығында қатты тұрмыстық қалдықтар, жеделсаты, домофон қызметі бойынша үш қызмет жеткізуші үстемдікке ие және олардың үлесі 90%-дан асады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша металл кендерін өндіру саласындағы өндіріс көлемі 12 айда 3,3 трлн теңгеге жеткен (бір жыл бұрын 2,2 трлн теңге болған). Қайта өңдеу сегментінде өнім көлемі 7,7 трлн теңгені құраған. Өңдеуші өнеркәсіптегі металлургияның салмағы 45,7 пайызға жеткен. Осылайша, ҚР тау-кен саласы 2021 жылдың 12 айында елдегі өнеркәсіп өндірісінің жинақты көлемінің 30%-ын (немесе 11 трлн теңге) қамтамасыз еткен. Бұл цифрлар олигополиялық нарықтың ауқымын білдіретін айқын көрсеткіштер..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет