Орындаған: Көдек Думан Жаңабайұлы


Олигополияның бір түрі – дуополия.Қазақстандағы тәжірбисі



бет3/4
Дата28.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#130860
1   2   3   4

Олигополияның бір түрі – дуополия.Қазақстандағы тәжірбисі

  • Олигополияның бір түрі – дуополия. Дуополия жағдайында нарықта тек екі ірі сауда-өнеркәсіп компаниялары үстемдік етеді. Олардың арасында баламасыз айырбас арқылы мол пайда табуды қамтамасыз ететін құпия мәмілелер жасалуы мүмкін. Қазақстанда кейбір секторларда дуополия жайлап алған. «Ұялы байланыс қызметтерінің нарығы дуополистік сипат алды, онда шоғырлану деңгейі жоғары. Нарықта бүгінде небәрі 2 ойыншы бар. Бұлар – «Қазақтелеком» және «Кар-Тел» тобы. Мемлекет қатысатын ұлттық компания – «Қазақтелеком» АҚ-ға ұялы байланыс нарығының 60%-дан астамы тиесілі» делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің талдауында. Азаматтық авиацияда да дуополия қалыптасқан. Әуе көлігіндегі ішкі жолаушылар тасымалдарында тек «Эйр Астана» АҚ-ы мен «SCAT авиакомпаниясы» АҚ үстемдік етеді. Бұған дейін «Bek Air» АҚ авиакомпаниясы оларға бәсекелес болған, алайда Алматы түбінде ұшағы құлаған соң бұл компанияның жолаушыларды тасымалдау қызметі тоқтатылды. Осыдан кейін аталған аса ірі екі ойыншының үстемдігі тіптен күшейді. Көмір өндіру саласындағы дуополистер – «Шұбаркөл Көмір» АҚ және «Қара жыра» АҚ нарықтың 70%-дан астамын иеленген.
  • Қазақстанда соңғы жылдары қаржылық және өндірістік көрсеткіштер бойынша алда келе жатқан рентабельді кәсіпорындар да олиго-полист-компанияларға жатады (газ тасымалдау, тау-кен металлургиясы салалары

Олигополияның экономикалық салдары

  • ҚР Президенті Қ.Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде байлықтың бір қолға шоғырлануы, монополияландыру елде санаулы тұлғаның ықпалы шектен тыс өсуіне және бұқараның табысы төмендеуіне әкеп соққанын айтты. Сол себепті Қазақстандағы байлар мен кедейлердің табыс деңгейі арасындағы айырмашылық шектен тыс үлкен. Халықтың табыс көрсеткіштері жылдан-жылға тек қағаз жүзінде өскендіктен, әлеуметтік теңсіздік проблемасы шиеленіседі.
  • Еліміздің бүкіл экономикасы монополистік және олигополистік құры-лымдардың қолына шоғырланған. Бұл жолаушылар және жүк тасымалы, әуе тасымалы, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, мұнай өнімдерін қайта өңдеу және жабдықтау, байланыс саласы, қант өндірісі және басқа құрылымдар. Қалыптасқан жағдайға байланысты 3-4 ірі компания олгигополиялық жүйе құрған және өзіне тиімді баға саясатын жүргізеді. Монополияландырылған экономикада қандай да бір адал бәсеке де, оңтайлы нарықтық орта да болмайды. Америкалық экономист, монополистік бәсеке теориясының негізін қалаушы Эдвард Чемберлин таза монополия жайында былай тұжырымдайды: «Егер монополияны бәсекелестіктің антиподы деп қарастыратын болсақ, ол бір тұлғаның бүкіл тауар өндірісін бақылауға алуы жағдайында ең соңғы шегіне жетеді. Бұл құбылыс таза монополия деп аталады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет