Орындаған: Мұхан Ұлсана Тобы: 1701-12 Қабылдаған


Ғұндардың мифологиялық танымы



бет3/3
Дата03.05.2023
өлшемі23,54 Kb.
#89627
1   2   3
Байланысты:
Мұхан Ұлсана Эссе

Ғұндардың мифологиялық танымы
Ғұн дəуірінен сақталған «Дың сұлу» аңызындағы мифологиялық таным мазмұнын ескі қазақ жазба тілі жəдігері болып табылатын «Түркі шежіресі» мен “Жамиғат тауарихтан” да кездестіруге болады. Белгілі ғалым Ə.Марғұланның көрсетуінше, ғұндардың «Дың сұлу» тарихи аңызында бір ханның ерекше сұлу екі қызы болады, хан мұндай ерекше сұлу қыздарын жапан түзде салынған «дың» мұнара ішінде сақтайды. Осы арада оның қыздарына бөрі ғашық болып, күн нұры дарып, олардан көп ұрпақтар тарайды [11, 6 б.]. Бұл ұғымның ескі жазба тілде де кездесуі, арғы мифтік сананың ұзақ уақытқа дейінгі əсерін байқатады. Мысалы “Түркі шежіресі” мен “Жамиғат тауарихта” да Алнақуа атты əйелдің асқан сұлу болғандығы, сондықтан да оған Алланың қолдауымен нұр дарып, батыр ұлдарды дүниеге əкелгені айтылады
Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі. Ғұндар түркі халықтарының арғы тегі саналады. Монғол нәсілдес және түркі тілдес ғұндар Қазақстан аумағында тайпалардың антропологиялық тұрпатын да өзгертті. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігінің пікірінше ғұндардың көпшілігі түріктердің арғы ата-бабалары. Ғұндардың қоғамдық құрылымында патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері сақталды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды ақсақалдар басқарды. Мемлекетті шексіз билігі бар шаньюй биледі. Ғұндар арасында мал және жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық құрылуы, қанаудың бір түрі ретінде алым-салықты енгізу, жазу-сызудың таралуы сияқты құбылыстар өзімен бірге жаңа кезеңге –таптық қоғам мен мемлекеттке өту кезеңін ала келді.Артына терең мұра мен айтулы оқиғалар қалдырған, өзіндік мәдениетті қалыптасқан ғұндар түркі тілдес тайпалар мен халықтардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет