Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік – Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы
МӨЖ Тақырыбы: «Ғылым мен бастауыш білімнің өзекті мәселелері» пәніне кіріспе
Орындаған: Молдабек А.М
Тобы: МНК-211
Қабылдаған:Ауезов Б
Түркістан
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім Ғылым мен білімнің заманауи мәселелері
«Ғылым мен бастауыш білімнің өзекті мәселелері» пәні
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өз талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Орыс педагог! К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Тәрбиенің сан сапалы күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне эсер ететін білім мен тэрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмүны, оқытудың эдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ.
Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жүгерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі- бастауышта. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға - Ұстаз. Халқымыз әрқашан да үстаз мәртебісін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Үстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. Адамның адамшылығы жақсы үстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз.