латентті ТЖ, жоғары тыныс жұмысы қанның қалыпты газдық құрамын қамтамасыз етуге қабілетті
парциальды ТЖ, артериялық қан құрамында оттегі (80 мм.с.б және төмен) және оксигемоглобиннің концентрациясы (95% және төмен) төмендеп гипоксемиямен сипатталады
глобальды ТЖ, гипоксемиядан басқа кезде және рСО2 45 мм.с.б. жоғары
Қандағы рО2, рСО2, рН өзгеріс дәрежесіне байланысты (пульсоксиметрия немесе қанның газдық құрамы):
Қандағы рО2, рСО2, рН өзгеріс дәрежесіне байланысты (пульсоксиметрия немесе қанның газдық құрамы):
Айқын емес (рО2 -79—65 мм с.б, рСО2 - 46—55 )
Айқын (рО2 - 64—55 мм с.б, рСО2 - 56—69
Шекаралық (рО2 - 54—45 мм с.б, рСО2 - 70—85 мм с.б)
Респираторлы кома (рО2 45 мм с.б. төмен және рСО2 85 мм с.б. жоғары)
Физикалық күштемеден науқаста пайда болған ентігуге байланысты (А.Г. Дембо, 1957):
I дәреже — ентігу тек жоғары күштеме кезінде байқалады;
II дәреже — үйреншікті күштеме кезінде;
- III дәреже — тыныштық қалыпта.
Этиология
Этиология
ЖТЖ өкпелік және өкпеден тыс себептерден дамиды .
Өкпеден тыс себептер:
Тыныстың орталық реттелуінің бұзылысы: а) жедел тамырлық бұзылыстар (церебральды тамырлардың тромбоэмболиясы, инсульт, бас миының ісінуі); б) бас миының жарақаты; в) тыныс орталығына әсер ететін дәрілік препараттардың интоксикациясы (опиаттар, барбитураттар,т.б.); г) инфекциялық, қабынулық және ісіктік, бас миы бағанының бұзылуына әкелетін процестер, ми гипоксиясына әкелетін комалық жағдайлар.
Плевра және кеуде клеткасының сүйек-бұлшықеттік қабатының зақымдануы: а) тыныстық бұлшықеттің перифериялық және орталық салдануы; б) спонтанды пневмоторакс; в) тыныс бұлшықеттерінің дегенеративті-дистрофиялық өзгерісі; г) полиомиелит, сіреспе; д) жұлын миының жарақаты; е) ФОС және миорелаксанттардың әсері.
Ірі қан жоғалту, жедел қан айналым жеткіліксіздігі және әртүрлі улармен уланудағы оттегі тасымалдау бұзылыстары кезіндегі ЖТЖ (көміртегі тотығы, метгемоглобин түзушілер).