Орындаған: Мукташов Жанатбек Тимирбеков Темірлан Бердонғар Аман Дарменов Орынбек



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата01.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#70826
1   2
2.Парақорлық


Қылмыстық заңдар бойынша - билікті не лауазымдық
өкілеттікті асыра пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер
атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның
өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып
кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде
бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы мемлекеттік қызмет
мүдделеріне қарсы қылмыс болып табылады.
Билікті немесе лауазымдық құзыретті асыра пайдаланумен
көрінетін сыбайлас-жемқорлық қылмыстың лауазымды
жағдайын асыра пайдаланғаннан айырмашылығы—асыра
пайдаланғанда лауазымды адам құқыққа қарсы іс-әрекетті
өзінің лауазымды құзыреті шеңберінен шықпай жасайды.
3.Қызметтік жағдайын асыра 
пайдалану


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАҚОРЛЫҚ 
ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ- МЕМЛЕКЕТТІК 
ЭКОНОМИКА АЯСЫНДА ЕКІ НЕМЕСЕ ОДАН ДА КӨП 
ТАНЫС АДАМДАРДЫҢ БІРГЕ БІТЕСЕ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ 
ӘРЕКЕТ ЖАСАУЫ, АЛ ПАРАҚОРЛЫҚ ТАНЫС ЕМЕС 
АДАМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ҚЫМБАТ МҮЛІК ЖӘНЕ АҚША Т.Б. 
СЕКІЛДІ МҮЛІКТЕРДІҢ ӨЗ ПАЙДАСЫ ҮШІН 
БЕРІЛУІ.ҚЫЗМЕТТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ-ӨЗІНЕ ЖҮКТЕЛГЕН 
ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕН ТЫС ПАЙДАЛАНУЫ,ӨЗ ПАЙДАСЫ 
ҮШІН ЖҰМЫСЫН ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНУЫ,АЛ ҰҚСАСТЫҒЫ 
БҰНЫҢ БАРЛЫҒЫ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚҚА 
ЖАТАДЫ,МЕМЛЕКЕТІМІЗ ОСЫНДАЙ АДАМДАРДЫҢ 
КЕСІРІНЕН ДАМЫМАЙДЫ.ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ 
МЕМЛЕКЕТ МЫҚТАП ҚОЛҒА АЛДЫ.
_________________________________________________________________________________________________________


Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас
жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, 
өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет
етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу
жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға
қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық
көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда
өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз.


Борис Волженкин ''Сыбайлас жемқорлық
дегеніміз әлеуметтік құбылыс болып
табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік
функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің
немесе басқа да соларға теңестірілген
адамдардың өз қызмет бабымен қызмет
статусы мен беделін жеке басының баюы
мақсатында немесе топтық мүдде үшін
пайдалануы'' деп анықтама береді


Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлықтың парақорлық
шегінен шығып кететінін және оның мемлекеттік билікті жеке
өзінің,басқаның пайда табуы мақсатында асыра пайдаланудың
кез келген түрін айтамыз.
Осылайша заң әдебиетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты
екі түрлі көзқарас қалыптасқан:тар мағынадағы сыбайлас
жемқорлық(парақорлық)және кең мағынадағы сыбайлас
жемқорлық(мемлекеттік билікті пайдалану пайдакүнемдік
мақсатта асыра пайдаланудың кез келген түрі).
ҚОРЫТЫНДЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет