Орындаған: Несіпбек Н. Тобы: жби-012 Пәні



бет4/6
Дата28.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#87880
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бөж дәрілік Айсұлу 14-апта

4. Дәрілік маңызы. Жылан таран өсімдігінің құрамында 25% -ке жуық илік заттар, дәрумендер, А провитамині бар. Жылан тараннан жасалынған дәрілерді ішек қабынғанда емдеу үшін, әсіресе тоқ ішектің ауруларына қарсы пайдаланады. Іш өткенде және жатырдан немесе асқазаннан қан кеткенде, өт және несеп жолдары қабынғанда, асқазан мен ұлтабарға жара түскенде қолданады. Дене сыртындағы қанталап тұрған және іріңді жараларды емдеу үшін де пайдаланады.
Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамырын тамыз-қазан айларында қазып алып, жуып тазалайды. Оны сабағы мен қосымша тамырынан, жапырақтарынан пышақпен ажыратып, 10 сантиметрлік бөліктерге бөліп, кептіріп алады.
Томарбояудың тамырында 9%-дан 19 %-ға дейін илік заттар, галла және эллага қышқылдары, фетонциндер, бояғыш заттар кездеседі. Халық медицинасында томарбояуды іш өткенде және қан тоқтату қажет болғанда біраз уақыттардан бері пайдаланылып келген. Сондай-ақ қышқылдығы жоғары қарын катарында, қарын төмен түскенде, дизентерияда әдейі жасалған қайнатпа кейде тұнба түрінде жиі қолданады [2].
Қарақұмық өсімдігінің құрамында рутин, хлороген, простокатехин, кофе қышқылдары бар. Рутин қан тамырларының қабырғаларын бекітіп, үзіліп не болмаса жарылып кетуден сақтайды. Бұл дәрі дәріханаларда сатылады және миға, жүрекке, көзге, теріге қан құйылудан алдын-ала сақтану үшін ауруларға беріледі. Гипертония ауруы кезінде басқа да дәрілермен қосып қан қысымын төмендету үшін жұмсалады. Ревматизм, қызамық, бөртпе сүзек, қызылша ауруларын емдеу үшін де өте бағалы дәрі болып есептеледі.
Қарақұмықтың жас жапырақтарын іріңдеген жараларға таңады.Ұнтақ түрі нәресте денесінің базданған немесе жабысқан жерлеріне себу үшін де қолданылады. Қарақұмықтың гүлі мен жас жапырақтарына ақшайыр шөбін араластырып қоспа жасап, атеросклероз ауруы бар адамдардың қан қысымы қатар көтерілгенде пайдаланады [3].
5. Қолданылуы. Қарақұмық жармасы - бірнеше сұрыпқа ие және олардың атаулары әр түрлі, сыртқы түріне және қолдануына қарай:
Қарақұмық дәні — ірі, жарма. Бытырап пісетін ботқа үшін дайындалады, жұмыртқа және пиязбен беріледі.Буквица — қарақұмық дәнінің оңтүстік орыстардағы, Украина, әсіресе Батыс Украина облыстарындағы атауы.
Велигорна — майда, бүтін, кейде қарақұмық жармасы. Атауы XVIII ғ-да Литвада, Польшада, Беларусьта және солармен көршілес жатқан Ресей облыстарында пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет