Смолендік жарма — майда қарақұмық ботқасы. Пирог салмасына қолданылатын сүттегі тәтті және жартылай тәтті ботқа.
Продел — жармаланған қарақұмық жармасы немесе велигорка қалдығы және сүттегі жартылай тәтті ботқа. Тұтқыр ботқаны дайындауда қолданылады. Қарақұмық ұнына балаларға пайдалы сүт, қант, витаминдер араласқан. Жұқа құймақ дайындауға да қолданылады.
Қарақұмық жармасын буланған немесе буланбаған қарақұмық дәнінен алады. Құрамында жеңіл сіңетін белоктар, крахмал мол болады. Қарақұмық майы басқа жармалардың майымен салыстырғанда сақтауға төзімді келеді. Қарақұмық жармасының белоктары басқа қосылыстармен алмастыруға болмайтын амин қышқылдарына бай.
Жылан тараннан жасалынған дәрілерді ішек қабынғанда емдеу үшін, әсіресе тоқ ішектің ауруларына қарсы пайдаланады. Іш өткенде және жатырдан немесе асқазаннан қан кеткенде, өт және несеп жолдары қабынғанда, асқазан мен ұлтабарға жара түскенде қолданады. Дене сыртындағы қанталап тұрған және іріңді жараларды емдеу үшін де пайдаланады. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің тамырын тамыз-қазан айларында қазып алып, жуып тазалайды. Оны сабағы мен қосымша тамырынан, жапырақтарынан пышақпен ажыратып, 10 сантиметрлік бөліктерге бөліп, кептіріп алады.
Шамшаттарды елді мекендерді көгалдандыру үшін, орман шамшатында ағаштарды қорғау үшін отырғызады; сүрегі мықты, сондықтан ағаш бұйымдарын жасауда қолданылады. Жемісінде улы алкалоид — фагин болады, ол жемісін қуырғанда жойылып кетеді, сондықтан жемісінен тағамдық және техникалық май алынады; күнжарасы шошқаға беріледі [1].
Раушангүлділер – ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса (біржыныстылары) да даражыныстылары кездеседі. Раушангүлділердің гүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар.Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады.
Раушангүлділердің жемістері де алуан түрлі. Құрғақ жемісті (шыршай, байғұт), шырынды жемісті (алма, шие) және т.б. Мойылдың, шиенің жемістері – сүйекті-шырынды. Таңқурай жемісі көпсүйекті болып келеді. Мұндай жеміс гүлтабанға бірігіп өскен ұсақ сүйекті жемісшелерден түзіледі.
Құлпынай мен итмұрын жемістері көп жаңғақшалы құрғақ жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды болады. Тұқымдарында эндосперм болмайды, кей түрінде қалдық ретінде болады.
Раушангүлді тұқымдастар қосжарнақты өсімдіктер класына жатады. Раушангүлді өсімдіктердің ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүл шоғыры алуан түрлі болып келеді. Алайда бұлардың гүл құрылысы ұқсас. Жемісі - шырынды, құрғақ. Бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі құстар, жарғанаттар және су арқылы таралады. Раушангүлділер тағам, дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Мысалы, бадамнан бағалы дәрі-дәрмек дайындалады, шие шайыры халықтық медицинада тері бөртпелерін емдеуге қолданылады.
Алма. Бетке әжім түсіруді тежейді. Ұйқыға жатарда піскен алманың бір данасын жеп жатсаңыз, тістегі бактериялардың 96,7 % алма құрамындағы органикалық қышқылдардың әсерінен жойылып кетеді. Өрік. Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, пектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.
Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді.
Өрік — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы, жеміс дақылы болып саналады. Жеміс бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, ал сүйегі жылтыр.
Өрік – жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді.
5-сурет. Раушангүлділер тұқымдасы
Тал - бұталы және ағаш тектес өсімдік. Табиғатта 170 түрі бар. Биіктігі - 10-15 м, кейбір түрлері 40 м-ге дейін жетеді. Тал түрлерінің көгалдандыруда көбінесе бойы аласа, бұтақтары ирек, жайыла өсетін жалғанбалы сұрыптары қолданылады. Сопақтау келген ұзын жапырақтары бар. Түсі - сұрғылт-жасыл, жас жапырағы ақшыл түсті жаңа жарған гүл секілді көрінеді. Талдың тағы бір түрлерін бұтағының әдемілігіне бола өсіреді.
Жапырағындағы ақуыздың құрамы 12-18% болғандықтан, талдың жас шыбықтарына мал әуес келеді. Көктемде сырға секілді үлбіреген гүл жарады.
Достарыңызбен бөлісу: |