Орындаған: Нұрбақыт Елдана Қабылдаған: аға оқытушы Абиыр Қ



Дата09.05.2022
өлшемі1,77 Mb.
#33192
Байланысты:
Соөж 2 -19 ғ Елдана

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті СОӨЖ Тақырыбы:М.Әуезовтің 19 ғ әдебиеті туралы еңбектері

Орындаған:Нұрбақыт Елдана

Қабылдаған: аға оқытушы Абиыр Қ

Мұхтар Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеу еңбегі


Мұхтар Әуезов қысталаңы көп қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің арғы төркін, өз кезеңіндегі бағыты, келешек бағдары туралы тұтас ғылыми концепция жасап, сол өрісте зерттеулер жүргізуші маман әдебиеттанушылардың лек-лек мектебін қалыптастыруда аса ықпалды, орталық тұлға болды.

Мұхтар Әуезовтің әдеби дамудағы айқын ағыстарды тап басып тану өнегесі ғалымның ұшан-теңіз дерек, ұлан-ғайыр мәтінді жадында ұстап, жанымен аялап, жалпыадамзаттық рухани кеңістікке ұштастыру біліктілігі ұлт тағдырында сирек ұшырасатын құбылыс еді.

М. Әуезовтің фольклортанудағы, зар заман ағымын негіздеудегі, абайтанудағы іргелі зерттеулерінің астар-қатпарында қазақ көркем сөз өнерінің бар құнары, бар дәуірдегі барша даму өзгешелігі, төлтума сипаты танылып ашылды.

М. Әуезовтің әдебиет тарихында жасаған жеке шығармашылық тұлғалар тұрғысында жазылған зерттеулерінің, әдебиеттанудың ең өзекті мәселелерін назарға алып отырып қисындаған, көлемі аз-көптігіне қарамастан аса маңызды болжам-байламдарының бір парасы Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын байыптауға құрылған.

Мұхтар Әуезов – Махамбеттің қазақ әдебиеті тарихындағы орнын, Махамбет поэзиясының биігін теориялық жақтан алғаш толық негіздеген зерттеуші. Мұхтар Әуезовтің махамбеттанудың өрісін ұзартқан зерттеулері әуелде “Әдебиет тарихындағы” (1927), “Тарихи жырлар”, “Зар заман ақындары” тарауларында берілді. М. Әуезов Махамбеттің әдебиет тарихындағы орнын “Бұхарадан соңғы Зар заман ақындарының басы Махамбет” деп “Зар заман дәуірінің екінші, ісшілдік кезеңі Махамбеттің тұсы”, т.б. көрсетті. М. Әуезов 1933 жылғы “Қазақ әдебиеті” оқулығында (7-кл. арналған. Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбековпен бірігіп жазылған). Махамбет Өтемісұлының өмірбаян, шығармашылық мұрасынан толымды мәлімет бере отырып, Махамбет поэзиясының көркемдік сипатын алғаш рет теориялық негізде кең қамтып қарастырады.

Осында Махамбеттің ақындық жөнін М. Әуезов ұлы поэзияның бар асылын ғажайып сезімталдықпен, сұңғыла таныммен сұқтана, суырыла баяндайды. “Осымен Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз боп, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман-талабы сияқтанып та жүрген”.

“Бүкіл ХІХ ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған ерекше ақын болған емес. Алды да, арты да бір өзі сияқты”. М. Әуезов Махамбеттің күрес жырын шығарылу себебіне қарай үш кезеңге бөліп қарастырды.

Мұхтар Әуезов – ХІХ ғасырдағы тарихи жырлардың айқын ерекшелігін ажыратып қарастырудың басында болған зерттеуші.

“Шынында ел қиялы Кенесарыларды батыр қылып жырлағысы келгені рас. Бірақ батырлар өлеңі бергі заманға жақындаған сайын жаңа

өзгеріске түсіп, өмірге жақындап, түр жағынан әлсіреп бара жатқанын байқаймыз.

…Сондықтан, Кенесарыларды баяғының батыры қылып қалай жырлайын десе де, олар көбінесе бүгінгінің адамы болып тұрып алып, кейін қарай шегінбей қойған”

“Шолпан” журналының 1922 жылғы 2, 3 сандарында, 1923 жылғы 4, 5 сандарында Мұхтар Әуезовтің “Қоңыр” деген бүркеншік атпен “Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі” деген зерттеуі басылды.

Осы зерттеуде М. Әуезов қазақтың ауызша әдебиеті мен жазба әдебиеті жайлы ой қозғайды. Сол кездегі М. Әуезовтің “Бұл мәселе туралы біздің өз жазушыларымыздың бір жерге қойылған пікірі, бір қалыпқа тоқтаған сыны әзірше жоқ” деген пікірі қайсыбір жағдайда әлі де көкейтесті. М. Әуезовтің “Әдебиет тарихы” қолға тигеннен кейін, Л.М. Әуезова мен М. Мырзахметов құрастырып шығарған “Абайтанудан жарияланбаған материалдары” қолға тигеннен кейін М. Әуезовтің сонау ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында ауызша әдебиет үлгілері мен жаңа жазба әдебиеттің теориялық негіздеріне, жанрлық жайына көп үңілгенін көрдік.

Назарларыңызға рақмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет