Орындаған: Оралбай Улжан Тобы: ппм-011 Қабылдаған


Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтыратыны сөзсіз



бет2/8
Дата21.12.2023
өлшемі96,44 Kb.
#142157
1   2   3   4   5   6   7   8
1. Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін, сабақ барысына жаңалық енгізу қажет. Сол арқылы біз оқушылардың бойында ізденімпаз, шығармашыл, ойлау, ізденіс қабілеттерін қалыптастырамыз. Бастауыш сыныпта ол үшін ойын технологиясын қолданған жөн. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек, себебі санына емес сапасына назар аударған жөн.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1.Алфавитті дұрыс меңгерту
2.Орфографияны дұрыс о қыту
3.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
4.Лексиканы меңгерту
5.Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту,дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып,сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына ,тіл қорына сай болу керек.Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.

Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1.Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2.Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3.Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.
4.Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5.Қолданылған сөздер,сөз тіркестері,өлең таңдау
6.Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтының түсінікті.
Оқу барысындағы ойындық технологияның орны мен ролі, ойын және оқу элементтерінің үйлесімі көп ретте мұғалімнің педагогикалық қызметімен топтастыруын түсінуіне байланысты.
Бірінші кезекте әрекет ету барысына қарай ойындарды физикалық (қимылдық), интеллектуалдық (ақыл-ой), еңбек әлеуметтік және психологиялық деп бөлу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет