Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: Рөлдік ойындар.
Іскерлік ойындар.
Рөлдік ойындар интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.
Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: Әрбір оқушы рөлде ойнайды.
Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды.
Іскерлік оқу ойындарға келсек, мысалы, сабақ тақырыбы бойынша жазылған сценарийлерге қысқа жағдаяттар ойнау.Ал саяхат ойындарында оқушылар күнделік жүргізеді немесе достары мен туыстарына хат жазады.Блиц оқу ойындары туралы айта кетсек, олар шағын ойындар, оқушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.мынадай түрлері болады: фотосуреттерді баяндау(отбасы мүшелерін, достарын, өз үйіңді, бөлмеңді), сұхбат алу (мерекелер тақырыбы бойынша), шындық детекторы (дұрыс, қате), т.б. Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады. Олар: дайындық ойындары және шығармашылық ойындары.
Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді. Сол себептен ойын бұл тапсырманы жеңілдетеді. Мысалы, затты тығып қойып, ағылшын тілінде «Менің көзілдірігім қайда?» немесе «Мынау не?» деп сұрақ қою. Сөз орын да есте сақтау оңай емес болғандықтан, ойын ойнатқан жөн деп есептеймін. Мысалы, «Домино», «Бинго» ойындары, қызықты геометриялық фигураларды сызып, оның әр бұрышына сандарды немесе әріптерді эстетикаға сай, ретсіз жазып қойып, атап беру. Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған.
Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.Әдеттегідей ойынға оқушылар 2-3 топқа бөлінеді. Бұл ойындарға дайындықтың қажеті жоқ, тек қана оқушыларды ойынның шарттарымен таныстырамын. Бұл ойындарды шығармашылық ойындардың қатарына қосуға болады.
Сонымен қатар әртүрі викториналар, жағдаяттар, берейін ринг, рөл ойындарын, мысалы, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында», «XXI ғасыр көшбасшысы» ойындарын өткіземін.ойындардың бәрі дамыту ойындарына жатады. Ең бастысы, белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін, тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынтамын.
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз –ақыл –ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас, және басқа әдіс –тәсілдерді, сондай –ақ ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.
Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу білік дағдыларын қалыптастырады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.