Орындаған: Оралбай Улжан Тобы: ппм-011 Қабылдаған


Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар



бет5/8
Дата21.12.2023
өлшемі96,44 Kb.
#142157
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ағылшын бөж2

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты болуы керек;

  • Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек;

  • Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек;

  • Оқушылар түгел қамтылуы тиіс;

  • Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек [4].

Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту», деп көрсетілген.
Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1-4 сыныптарға арнап авторлық бағдарлама жасады. Бағдарламаның мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру.
Міндеттері:

  • оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын, оны үйренуге құштарлығын сіңіру;

  • жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін, тарихын және әдет-ғұрпын танып білуіне ықпал ету;

  • оқушының сезімтал, шығармашыл, әлеуметтік, танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағдай жасай отырып, оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу;

  • бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен, әндермен, тақпақтармен, оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.

Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары біртіндеп дамиды. Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің, достарының айтқанын тыңдап түсіне алады. Сөйлеу көбіне жұптық, топтық жұмыстар кезінде іске асады.


3.1.Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы баяндамада тілді меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет