Орындаған: Оралбай Улжан Тобы: ппм-011 Қабылдаған



бет7/8
Дата21.12.2023
өлшемі96,44 Kb.
#142157
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ағылшын бөж2

Қорытынды

Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Сабақ барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
«Заманына қарай адамы» деген сөз бар емес пе? Соны ескерсек,бүгінгі таңда келешектің мықты маманы деп, бірнеше тілді меңгерген жан-жақты адамды ғана айта аламыз. Басқа мемлекеттермен қатарлас ұрпақ тәрбиелегіміз келсе,онда біздің міндет оларға сапалы білім беру және тілді үйрету. Ал, балалар тілді ертерек кездерінде жақсы меңгереді. Сол себептен ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқыту қолға алынды. Бастауыш сыныптың оқушылары барлығын тез қабылдап алатындықтан, оларға ойын түрінде сабақ өткізу өте тиімді әдіс болып табылады. Себебі, осы жаста балалардың негізгі әрекеті ойын екені мәлім.
Ойын арқылы балаларды тез ойлауға,еркін сөйлеуге, жылдам әрекет жасауға, есте сақтауға үйретеміз. Жалпы сабақты қызықты етіп өткізу мұғалімге байланысты, сондықтан ұстаздар үшін ағылшын тілі сабағында ойынның бірнеше түрлерін қолданған жөн. Тілді үйрену үшін ойындар көптеген септігін тигізеді. Ойын басарында бала өзін еркін сезініп, барлықтары тең болып тілді үйренуге талпынады. Болашақта өздеріне қандай мамандық таңдаса да,шет елдеріне ойланбастан барып, олармен тәжірибе алмасуларына жағдай дайын болады. Негізінен барлық білім базасы бастауыш сыныпта қаланады. Сол себептен, ағылшын тілін де үйрену осы кезден басталады. Сабаққа кедергі келтірмейтіндей етіп, ойын сабақтарын араластырып отыру қажет. 21 ғасырдың тілі ағылшын тілі екені бәріне аян. «Ойын бала үшін өмірлік тәжірибе» деп М. Жұмабаев айтып өткендей, өмірге деген дайындығы осы жолдан бастау алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет