Орындаған Оразова Нұргүл гг-43 тобы №4 тақырып. Беларусь республикасының даму ерекшеліктері



бет1/9
Дата01.03.2022
өлшемі119,74 Kb.
#26761
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4 тақырып


Орындаған Оразова Нұргүл

ГГ-43 тобы

4 тақырып. Беларусь.



Беларусь республикасының даму ерекшеліктері.

Беларусь — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері көлемі — 207,6 мың км2. Халқы — 10 млн. 203 мың адам (1997). Негізгі халқы — беларустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілдері — беларус тілі және орыс тілі. Діні — православие (70%). Ақшасы — беларусь рублі. Ұлттық мейрамы — 3 шілдедегі Республика күні. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталарынан тұрады.

ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс әскерлерінің қоластында қалып, зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан кейін қираған шаруашылықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме, трактор жасау, т.б.) құрылады. Экономикасы дамиды. Ауылшаруашылығы өнімдері де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын кәсіпорындар ашылды.1990 жылы Беларусь Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады.1991 жылы 8 желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Беларусь толық тәуелсіздік алды.1994 жылы 10 шілдеде алғашқы президенті болып А.Г. Лукашенко сайланады. Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы таныды. Екі ел арасында экономикалық, кедендік және мәдени келісімдер жасалынып, достық қарым-қатынас орнаған. Беларусь Кеден одағына, БҰҰ-на, ТМД-ға мүше. Ресей Федерациясымен Беларусь арасында қол қойылған (1999, желтоқсан) шартқа сәйкес жаңа одақтық келісім жасалынды. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауылшаруашылығы және т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада калий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар.XX ғасырдың 90-жылдары ел экономикасы дағдарысқа ұшырап, жалпы ішкі өнім 10 жыл ішінде 12%-ке төмендеп кетті. Экономикалық құрылымындағы мемлекеттік емес салалардың үлесі экономикада 34%, (1998), ал шеттен тартылған инвестиция мөлшері 6,5% (1997). Негізінен Кеден одағы елдеріне (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүк тасушы автомобильдер, тракторлар, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар және т.б. электр бұйымдары, химия және ет-сүт өнімдерін экспортқа шығарады. Елде жылу-электр ресурстары (мұнай, табиғи газ, таскөмір) мүлдем жеткіліксіз болғандықтан, отындық шикізатты шеттен, соның ішінде 60%-дан астамын Ресейден әкелуге мәжбүр. Бұған қоса қара және түсті металлургия, халық тұтынатын тауарлар, ағаш өнімдері, цемент шеттен әкелінеді. Экономикалық байланыстардың үзілуі, жылу-электр ресурстарына бағаның көтерілуі ел экономикасын аса қиын жағдайда қалдырды. Дегенмен ұсақ өндіріс салаларында 900 шетелдік және 2000-нан аса бірлескен кәсіпорындар (негізінен Польша, ГФР, АҚШ фирмалары) жұмыс істейді. Негізгі сауда серіктестері: Ресей, Украина, Польша, Германия елдері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет