02.11.2020
Топ:406
Орындаған: Оспан Жанат
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы
3.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Р.Нұрғалиевтің «Әуезов және алаш», Ж.Дәдебаевтың «Мұхтар Әуезов», Ө.Күмісбаевтың «М. Әуезов және Шығыс» т. б. еңбектердің біріне талдау жасау. Кесте бойынша:
Еңбектің атауы
|
Менің Әуезовім
|
Авторы
|
З. Қабдолов
|
Жанры
|
Роман- эссе
|
Аталған еңбекте М.Әуезов өмірінің қай кезеңі суреттеледі?
|
Ұлы тұлғаның бүкіл ғұмырын терең толғаныспен суреттеген.
Жалпы оқиға 1930- 60 жылдар аралығындағы Қазақ Ұлттық университетінің кафедрасында ұстаздық қызмет еткен кезеңінен бастау алып кейіпкерлер диалогі арқылы ұстаздың осыған дейінгі тағдыр белестеріне шегіністер арқылы шолу жасайды. Тарқатып айтсақ:
балалық шағы өткен жерінің табиғаты, атасы Әуездің, немере ағасы Қасымбектің болашақ жазушыға әсер еткені;
хакім Абай және оның ақындық аясы;
оған үлгі болған Алаш арыстары, яғни оның ұлттық дүниетанымын оятқан ұлы ұстаздары туралы ой толғамдар;
1920-1930 жылдар арасында етек алған тарихи, саяси оқиғалар, сол тұстағы жазушының қудалауға түсуі, азап шеккен кезеңдері;
|
М.Әуезовтің қай еңбектері талданады?
|
«Абай жолы» роман- эпопеясы
|
Ой қалдырған тұсынан үзінді...
|
Ұлы бар, қызы бар- елу шәкірт (менімен елу бір әрине) орындарынан ұшып- ұшып тұрған; аудиторияға Ұстаз кірген екен.
Ол сөйлеп отыр. Мен енді журналист- шәкірттер арасына тығылып ап жазып отырмын. Тіпті басымды көтере алмаймын, жазам, жаза беремін. Дәлірек айтсам, лектор тіпті бас көтертпейді, төгіп отыр, төгіп отыр...Ғұламалық осы- ау, шамасы! Бұл не деген көл- көсір білім, ілім, ғылым, жаным- ау!... Айттым ғой, бас көтертпейді, төгіліп- құйылып тұр.
|
Автордың М.Әуезовті бейнелеуі
|
Ол менің оң қанатымда екі- үш адым алда келеді. Кеуделі, иықты, толық кісі; мол денесін ауыр қозғап, сәл теңселе басады. Бетін маған бұрғанда аздап ырғалғандай болады. Үстінде кең пішілген көнетоз сұр костюм, ақ жағада көк жолақ галстук, әнтек қысқалау мойыны қырынан қараған адамға анық байқала бермейді. Жалаңбас; жарқыраған кең маңдайы жалтыр төбесімен жіксіз тұтасып кеткен. Шала түткен түбіттей көк мамық шаш селдірлеу, бірақ екі самайда екі уыс боп бұйралана қопсып, ұйлыға үрпиіп, көбейіп көрінеді.
Қараймында таңданамын. Осынау бітімі бөлек бірегей, сұлу шекесі торсықтай үлкен, домалақ бас мол денеге мойын омыртқасыз тура қондырылғандай. Содан ба, қалай, ол маған қарағанда мойынмен емес, күллі кеудесімен тұтас бұрылатын секілді.
... Көрген жерден көзді арбап, көңілді қоса баурап әкететін ғажайып сурет – тағы да айтайын, Әуезовтің өлшеусіз кең, керіле жарқыраған әжімсіз жазық маңдайы мен жалтыр төбеден тайғанай сусып барып самайға ұйлығып қалған оң шекеде бір уыс, сол шекеде бір уыс шөкім-шөкім бұлт тәрізді көк мамық шашы.
Сократ-маңдай деген маңдай болады деуші еді, сол осы екен ғой деп сүйсіндім ішімнен, кеудемдегі күллі діріліммен түйсініп...
Не деген аппақ ақ айдын, сызатсыз тап- таза, қылаусыз да шылаусыз жап- жазық маңдай! Бұл заманда көп кездесе бермейтін мүбәда кездесе қалса да баяғыда ұмыт болған, бүгінде мүлде «модадан шығып» бара жатқан, тек байырғы Көне дүние ойшылдарына ғана тән дана, даңғайыр маңдай!
Ал шаш ше, шаш?
Төбеде шаш жоқ. Шаш шекеден әрі самайға, желкеге қарай ұйытқып, түтеленіп, түбіттеніп тұр. Тегі, көп түсіп сұйылыңқырап, селдіреңкіреп қалған шаш, бірақ осы қалғанының өзі жел қозғағандай қопсып, көбейіп көрінеді.
|
Оқи отырып мен үшін жаңалық болды...
|
Оқи отырып академик, геолог Қаныш Сәтбаевты жаңа қырынан таныдым. М. Әуезовтің сөзінен үзінді:
- Айталық, Сәтбаев – геолог. Сонымен бірге ойшыл оқымысты. Қазақ тарихында Орыс академиясынына толық мүше, яки академик боп сайланған бірден-бір ғалым. Сонымен бірге ол – керемет өнер иесі- әрі әнші, әрі ақын.
Маған жалт қарады:
- Сенбейсің бе? Шын айтам, жиырмасыншы жылдары ол «Едіге» жырын жинап- бастырып шығарған. Затаевичке Арқаның бірнеше әсем әнін айтып, жаздырған.
З. Қабдоловтың сөзінен үзінді:
Алматы ғана емес, Мәскеуден бастап барлық университеттердің оқу жоспарына айрықша пән боп кірген «Отандас халықтар әдебиетінің» негізін салып, бағдарламасын түзді.
|
Автордың көркемдік тілі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |