Көру талдағышы
Көз алмасы шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы
полюстерін ажыратады. Көз алмасының орталық бөлігін -
ядро деп атайды, оның сыртын 3 түрлі қабық қаптап тұрады.
Көз алмасының сыртқы қабығын - фиброзды қабық деп
атайды. Оның алдыңғы дөңестеліп келген бөлігі – қасаң
қабық, артқы көп бөлігі – склера деп аталады. Бұл қабықта
қантамырлар болмайды. Көз алмасының ортаңғы қабығы –
қантамырлар қабығы деп аталады. Оның алдыңғы бөлігі –
нұрлы қабық, ортаңғы бөлігі - кірпікті дене, ал артқы бөлігі –
нағыз тамырлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтың
ортасындағы тесік көз қарашығы деп аталады.
Көз алмасының ішкі қабығы – торлы қабық деп аталады.
Онда колба тәрізді және таяқша пішінді жарық сезгіш
клеткалар орналасқан. Таяқша пішінді клеткалар
қараңғылықты сезеді, ал колба тәрізді клеткалар күндізгі
жарықты сезіп, заттың түсін ажыратады.
Көз алмасының нұрлы қабығының артқы жағында қос
дөңесті линза пішінді көз бұршағы (хрусталик) орналасқан.
Оның артқы жағын толығымен шыны тәрізді дене толтырып
жатады.
Көру талдашығының жас ерекшелігі
•
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. Ересек адамның көз
алмасының салмағы 6-8 г.
•
Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке
талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы
шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзінде бірдей емес. Көзін
жыпылықтату қабілеті өте нашар.
•
Жаңа туған нәрестенің қарашығы өте жіңішке.
•
Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға толғанда ғана дұрыс бағыттала бастайды.
Затқа көзін тігіп қарау қабілеті алғашқы 3-5 айға дейін қалыптасады. Бұл мезгілде
затқа қарау ұзақтығы 1-1,5 минөт, 3 айда 7-10 мин, тек 3-7 жастың арасында
толық жетіледі.
•
Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың
түсін анық көре алмайды. Түсті ажырату балаларда 3 жаста басталады.
Көру гигиенасы
•
Көру гигиенасының талаптары:
•
-кітапты оқығанда, жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болу керек; -жарық
мөлшері 150-300 люкс болуы тиіс және жарық сол жақтан түсу қажет. -үстелде, партада бала
дұрыс отыру керек;
•
-жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды;
•
- теледидар көргенде 2,5-3 м қашықтықта отырған дұрыс;
•
-баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау жөн:
•
6-7жаста–10мин,
•
7-10жаста–15мин,
•
10-12 жаста – 20 мин,
•
12-15 жаста – 25 мин,
•
15-18жаста30мин.
•
-көздің тазалығын сақтау керек.
|