бездерде, жұтқыншақ пен көмекей
қақпағының сілемейлі қабықтарында да
орналасқан.
Тәтті заттың әсері тілдің ұшындағы және жан-
жағындағы бүршіктері арқылы сезеді. Ащы –
тілдің түбіндегі бүршіктерімен, қышқыл –
тілдің шетімен және көмеймен сезіледі.
Иіс сезу анализаторы
Иіс сезу
анализаторларының
рецепторлық клеткалары
мұрын қуысының жоғары
бөлігіндегі сілемейлі
қабығында орналасқан.
Одан иіс сезу жүйкесі
арқылы ми қыртысының
маңдай бөлігімен
байланысады.
Тері анализаторы
Тері анализаторына (соматосенсорлы жүйе) - тері және оның
қосалқы бөлімдері (түктер, тырнақтар, сүт, май және тер
бездері) жатады. Тері қорғаныштық, жылу реттеу, ыдырау
өнімдерін сыртқа шығару және т.б. көптеген қызметтер
атқарады. Теріде көптеген рецепторлық клеткалар
(жанасқанды, ауырғандықты, температураны т.б.
тітіркендіргіштерді қабылдайтын) орналасқан.
Терінің сыртқы қабаты – эпидермис, ішкі қабаты – дерма
(нағыз тері) деп аталады. Бұл екі қабаттың арасында
көптеген қатпарлар бар. Эпидермис көп қабатты эпителий
клеткаларынан тұрады да, оның сыртқы мүйізді қабатындағы
клеткалар үнемі түлеп түсіп отырады. Ал, эпидермистің
астыңғы бөлігіндегі базальды клеткалар бөліну арқылы
көбейіп отырады.
Нағыз тері қабаты (кориум) – талшықты дәнекер ұлпасынан
түзіледі. Мұның өзі сыртқы емізікшелі және ішкі торлы
қабаттан тұрады. Нағыз тері қабатының астында тері асты
(шел) май қабаты орналасады.
Тері бездеріне – тер, май және сүт бездері жатады. Тер
бездері түтік пішінді болып нағыз тері қабатында жатады.
Тер арқылы жылу реттеледі, азотты алмасуға, тұздардың
алмасуына да аталады. Түк өзегі милы және қыртысты
заттардан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |