Орындаған: Сатанова Мөлдір,Нұржақыпқызы Жанерке,Сламбек Аружан,Ілен Диана,Тұрысбекова Айнұр,Темірбек Айнара Сенсорлық жүйелер. Сезім мүшелерінің гигенасы. Анализаторлардың маңызы,жалпы құрылысы,ортақ



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата14.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#43175
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гигиена

Дыбыс талдашығы
Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі 
құлақтан) тұрады. 
Сыртқы құлаққа– эластикалық шеміршектен тұратын құлақ қалқаны 
мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Сыртқы дыбыс жолының 
ұзындығы 2,5 см-ге жуық. Ол самай сүйегінің пирамида бөлігінде 
орналасады. Сыртқы дыбыс жолының ішкі жағында түрі өзгерген 
тер бездерінен сарғыш түсті құлық бөлінеді. Олар дабыл жарғағын 
сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады. 
Ортаңғы құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйекшелерінен (балғашық, 
төс, үзеңгі) және есту түтікшесінен (евстахиев түтігі) тұрады. 
Ортаңғы құлақтың артқы жағында 2 тесік (кіреберіс және ұлулы 
дене) бар. Бұл тесіктер ортаңғы құлақ пен ішкі құлақты бір-бірімен 
байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы үш сүйек (төс, 
балғашық, үзеңгі) бір-бірімен буын арқылы байланысқан және олар 
дабыл жарғағын ішкі құлақпен байланыстырып тұрады. Ортаңғы 
құлақтағы дыбыс түтігінің ұзындығы 3,5 см және ол жұтқыншақпен 
байланысып жатады. Сондықтан да, ортаңғы құлақ қуысында үнемі 
атмосфералық ауа болады. 
Ішкі құлақтың немесе шытырманның (лабиринт) құрылысы күрделі 
болып келеді. Оның ішкі жағында орналасқан жарғақты 
түтікшелердің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады, оны кейде 
жарғақты шытырман деп те атайды. Оның сыртын сүйекті 
шытырман қоршап тұрады. Жарғақты шытырман мен сүйекті 
шытырманның арасын перилимфа сұйықтығы толтырып жатады. 
Сүйекті шытырман үш бөліктен (кіреберіс, ұлулы дене және үш 
жарты иірім өзекшелер) тұрады. 


Дыбыс талдашығының жас ерекшелігі

Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп 
болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып кеңейеді. Сәбидің 
ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 
1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт 
төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары 
дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі 
де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс жүйкесімен бірдей болады.

Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, 
қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса 
музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми 
қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет