Орындаған: Шерхан Аяулым


Мыс-тас дәуірінде орын алған өзгерістер



бет2/5
Дата22.05.2023
өлшемі36,27 Kb.
#95683
1   2   3   4   5
Мыс-тас дәуірінде орын алған өзгерістер
Мыс-тас дәуірінде екі ірі өзгерістер орын алды. Ең біріншісі аналық рудың(матриархат) орнына аталық ру (патриархат) қалыптаса бастады. Себебі сол кездегі егіншілік және мал шаруашылықтары, металлды(мысты)өңдеу көп күшті талап етті. Осының арқасында аталық ру қалыптасып, еркектердің рөлі арта бастады.
Діни түсініктердің қалыптасуы
Энеолитте қайтыс болған адамды қоныстың шетіндегі зиратқа жалғыз жерлеу, сонымен қатар қайтыс болған адамның бейнесін (маскасын) жасау дәстүрлері кездесті. Энеолит кезеңінде жаңадан діни түсініктер қалыптаса бастады. Мысалы, анемизм, тотемизм, фетишизм, магия секілді ұғымдар қалыптасты. Қысқаша айтып кетсек “анемизм" жан мен рухтың барлығына сену, ”тотемизм" адамдардың шығу тегін табиғатпен (жануарлар мен өсімдіктер) байланыстыру, ”фетишизм" байырғы адамдардың белгілі бір материалды затты ерекше қасиетті деп табынуы. Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады .Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен , адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген. Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Алғашқы адамдар бүкіл табиғатты жанды деп ойлаған. Күн мен айды Құдай деп табынған. Қайтыс болған адамдардың жаны аруақ денеден бөлек өмір сүреді деген. Ата-баба аруағына сиынып,оларға арнап құрбандық шалған. Адамдар табиғаттың дүлей құрылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі әрекеттер жасаған. Құлшылық еткен, құрбандық еткен билеген . Осының бәрі магиялық әрекеттер.

Энеолит ескерткіштері
Энеолит ескерткіштеріне Ботай және Шебір тұрағы болып табылады. Қола дәуірі б.з.б 2-1 мың жыл аралығын қамтыды.Осы кезеңде адамдар қалайыны ашты,оны мыс пен қосу арқылы “қола" алынды. Қола еңбек құралдары еңбек өнімділігі арттыруға ықпалын тигізді.Мысалы тас балтаға қарағанда қола балтамен ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік туды.Қоладан жасалған құрал саймандар: балта,пышақ,қанжар, жебе және найза ұштары,қайла, әр түрлі әшекейлер жасалды.Ағаштан үй салу, жиһаз,соқа , дөңгелек, жасауға жеткізді.Металл құралдарды пайдалану дөңгелекті ойлап табуға және дөңгелекті кеңінен пайдалануға әкелді.Ал дөңгелек көлік адамзат баласының ерекше жетістіктерінің бірі болып саналады.Қола дәуірінде тұрғындар рулық тайпалық құрылымында өмір сүрді. Алғашқы қауымдық құрылыстың қола дәуірінің соңына қарай ыдырай бастауы басталып,қауым мүшелерінің малы көп байлар,соғыспен байыған қолбасылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншікке әкелді.Көшпелілер малды өз меншігіне иеленіп,ал жер қауымның,рудың меншігінде қалды.Мал мүлік теңсіздігі шығуы барған сайын орнығып,әлеуметтік теңсіздік туғызды.Қола дәуірінде діни-наным сенімдер қалыптасып,жоғары дінбасылар абыздар пайда болды.Олар руды ежелгі салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын бұлжымай орындалуын қадағалады.Бұл дәуірінде мүддені “Жер ана" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан.Адамды қабірге оң жамбасымен қырындап жатқызған.Түсінігінше:О дүниеде тіршілік жалғасады. Заттарын бірге көмген.Қола дәуірінде андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты.Андрондықтар күнге,отқа табынған.Қола дәуірінде адамдар табиғат күшіне сыйынған.Тотемизм,фетишизм,анимизм ғұрыптары болды. Олар жыртқыш аңдардың тісін бойтұмар тақты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет