Асқазан мен ішектерде шаншу синдромымен өтетін аурулардың екі түрі бар:
- профессор Г.В.Домрачев барлық шаншу түрлерің асқазандык, ішектік және іш перденің қабынуы деп бөлген;
- профессор А.В.Синев азық қорыту жолының бітелуінің барлық түрлерін дииамикалық және механикалық деп бөледі. Динамикалықты түйілмелі (асқазанның созылуы, энтералгия, ішектің метеоризмі) және паралитикалық (салданған), (ішектің химостазы және капростазы) деп бөледі. Механикалық бітелу үш илеус түрінде болады: обтурациялық (ішектердің тастармен, бөгде заттармен және гельминттермен бітелуі); странгуляционды қуыстарда ішек тұзағының қысылуы, бұралуы, ішектің түйілуі, ішектің инвагишщияеы (аударылуы), ішектің ширатылуы; гемостатикалық (ішек артериясының тромбоэмболиясы).
Бірінші жіктелуге анатомиялық принцип, ал екіншіге- азық қорыту жолының функциональді (қызметінің) бұзылу принципі негізге алынған, сол себепті емші дәрігер оны жоғары бағалаған. Асказанның жіті созылуы - қарынның көлемінің ұлғаюы мен оның негізгі қызметтерінің (моторлы, секреторлы және сору) бұзылуымен өтетін қарын мен ішектің бітелуі.