Ішектердің тұзағы мен шажырқайы қысылуынан пайда болған әртүрлі механикалық бітелу. Жылқыларда, ірі қара малда және шошқаларда (ішектердің қысылуы, бұралуы және ширатылуы) жиі кездеседі. Негізгі ішектердің қысылуларына ішкі және сыртқы жарықтар жатады ішек тұзағының қысылуы
Симтомдары. Странгуляциялық илеусте ауру үдей түседі. Тек алғашқыда мал аздап мазасызданады, жатады және аунайды. Кейінірек катты «шаншу» пайда болады. Мал қалай болса солай жерге құлап түседі, аунайды. арқасына жатып, аяқтарын аспанға көтеріп жатқысы келеді. Дене қызуы 39-39,5°С, ал аурудың аяғында қалыптан төмендейді. Тамыр соғуы минутына 80-100, тынысы 30-40, қатан, азыққа тәбеті жоқ. Мал катты терлейді. Туындаған асқазаннын созылуы мүмкін, жынның исі шірікті, сүт қышқылы мен ет пигмемттеріне оң реакция береді. Қанда плейхромия және эритроцитоз, нейтрофилия болады және ЭШЖ бәсеңдейді.