Себептері. Қарынның жіті созылуы көбінесе вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің жоғары қозуынан болатын пилороспазмадан туындайды. Мұндай жағдайда үйренген азықтандыруды, малды күтіп, ұстау тәртібінің бұзылуы ауруды арандатады. Мысалы, тез арада азықты ауыстыру, көп мөлшерде дәнді дақылдар беру немесе оларға еркін жеткен жағдайда артық жеуден, малды азыктанғаннан кейін жұмысқа жегу немесе шаршаған малды молынан азықтандыру, бұзылған, ыластанған, көгерген, тез ашығыш азықтармен азықтандыру.
Пилораспазм соңынан қарынның созылуы рефлекторлы ішек ауруларынан, мал жалпы мұздағаннан болуы мүмкін. Туындаған қарын созылуы он екі елі ішек саңлауы тұсында және мықын ішекте, сирек-тоқ ішекте (обтурация, химостаз, странгуляция т.б.) бітелуден болады.
Дамуы. Қарынның кілегейлі кабығының тітіркенуінен және оның қабырғасының созылуынан жиырылу ауырсынуды тудыратын түйілуге дейін күшейеді. Бастағы мида қозу ошағы пайда болады, адреналин жүйесі тітіркенеді және адреналиннің қанға келіп түсуі көбейеді. Асқазан мен пилорус қабырғасында ауырсыну импульстері пайда болады, алғашқыда спастикалық ауырсыну басымырақ болады, ал кейін-дистензионды.
Азықтармен немесе газдармен асқазанның керілуінен құрсақ қуысының ішкі қысымы артады, ол диафрагманы (көк етті) қысады, соның нәтижесінде тыныстану және жүрек қызметі қиындайды. Асқазанда сөл бөлу күшейіп көп мөлшерде сулы-тұзды сұйық (25 л және онанда көп) онан әрі жалпы қызметтерді бұзып, организмді сусыздандырады және зат алмасуды бұзады. Кейде пилорустың түйілуімен қатар кардиальді сфинтрде түйіледі, онда асқазан қысымы өсе беретін жабық ыдысқа айналады. Қарынның қабырғасы жұқарады, сол себепті ол жыртылып кетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |