Ішек қабырғасының түйілмелі жиырылуы арқасында оқтын-оқтын мазасызданумен өтетін шаншудың ерекше бір түрі жылқыларда, ірі қара малда (бұзауларда, тайыншаларда), қойларда қырыққаннан кейін, сирек шошқаларда кездеседі.
Себептері. Энтералгияны қатты желіп, шауып келген, денесі қызған малды желдің өтінде ұстау немесе жаңбыр астында ұстау, мұз аралас сумен суару, көгерген жем - шөппен азықтандыру, малды күзде шық түскен жайылымға жаю және тағы басқа себептер туғызады. Ұзақ мерзім қорада ұстаған төлдер, кенеттен суыққа шалдықса солар жиі ауырады. Жас ірі қара малды қорада тығыз ұстаса, басқа жаққа көлікпен тасымалдаса, стресс әсерлерінен жаппай энтералгияға шалдығуы мүмкін. Жаздың ыстық кезінде, әсіресе денесі қызған малды тез арада суытса энтералгиямен ауырады. Энтералгияның шығу көзіне катаральді гастроэнтеритке шалдыққан малдар жатады