Этнопсихологияның қолданбалы міндеттері Ұклттық психология және психологиялық мінездемелерді құруын анықтау мақсатымен әртүрлі халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы танып білу.
Олардың тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік-психологиялық шарттарын салыстырмалы зерттеу қалыптасқан ұлтаралық қарым-қатынас спецификасы, сонымен қатар ұлттар арасындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси қызметтесудің әртүрлі формалары.
Этностар арасындағы өзара әрекеттесудің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін эмпирикалық танып білу. Сонымен қатар этностар арасындағы қабылдау ерекшеліктерін және этноцентризм және этностық интолеранттылық көріністерін зерттеу.
Практикалық нұсқамаларды құру. Олар этностар арасындағы өзара әрекеттесуді іске асыру және тереңдетуді қабілеттендіреді, ұлттар арасындағы экономикалық мәдени, саяси қызметтесуінің әртүрлі формаларын дамытуға бағытталған.
Этностар арасындағы сәтті өзара әрекеттесудің психологиялық тренингі бағдарламасын құру және тұлғаның этнопсихологиялық түзету әдістерін жүргізу.
Әлеуметтік-саяси, ұлттық және ұлтаралық прцестердің әрі қарай дамуының психологиялық болжануы.
Әрине, этнопсихологиялық негізгі теориялық және қолданбалы міндеттерінің шеңбері тек жоғарыда көрсетілгенмен ғана шектелмейді.
Этнопсихология принциптері Ғылыми әдебиеттерде – принциптер астарында нәтижелі теориялық ережелер жатыр. Олар нақты әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулер жүргізгенде әдіснамалық функциялар атқарады.
Этнопсихологияда принциптер барлық психикалық процестер, қасиеттер, этностық ұйымның күйлерін түсіндіруге жалпы әдіс-амалдарды анықтайды.
Олар функциялану, заңдылығын ашуға, қоғамдық психологияның құрылу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған. Этнопсихологиялық зерттеу принциптері мәселелерін өңдеуде Б.Ф. Поршнев үлкен үлес қосты. Ол «Әлеуметтік-этностық психология» атты еңбегінде негізгі принциптерді анықтады. Ол психологияның барлық негізгі принциптері, сана сезім және іс-әрекетке байланысты принциптер, даму принципі, бірігу принциптері бүтіндей аппаратқа және этностық психологияға кіру керек.
Принциптердің ішіндегі ең негізі – детерминизм принципі. Онда әр әрекетте өзара әрекеттесу бар «сыртқы себептер ішкі шарттар салдары арқылы әсер етеді».
Ол этнопсихологиялық көріністердің әлеуметтік және басқа да факторлармен негіздену себебін ашып көрсетеді. Бұл дегеніміз біріншіден этностық ұйымның құрылуы өмірлік бейнелердің атап айтар, экономиканың, мәдениеттің ғылыми-техникалық прогресстің, халықтың саяси және идеологиялық өмірі әсерінен жүреді.
Екіншісі – ғылым психологияда этностың ұйым өміріне жату бейнесі және өмір бейнесіне соңғысының әсері, қажеттіліктер мен қондырғылар арқылы іске асады. Сондықтан, нақты этнопсихологиялық көріністі зерттеу үшін, біріншіден олардың пайда болуының ұлттық психологиялық себептері мен шарттарын түсіну қажет.