Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімі, әдебиеттану ғылымдарының ғылыми терминологиясын жасаумен бірге, қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты да көптеген терминдерге де жол салғандардың қатарына әдіс, әдісқой, сауаттау әдісі, жалқылау әдісі, жалпылау әдіс, жалқылау-жалпылау әдіс сияқты терминдерді жатқызуға болады. Бұлармен қоса Ахаң тарих, этнография терминдерін де жасаған.
A.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқуқұралының»(қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауыстыдыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп сияқты терминдерді ұшыратугаболады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылга дейінбірнеше дүркін басыл ып тұрған «Тіл құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы)әбден қаалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беругетиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалгау, жұрнақсияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің термингеқойылатын талаптарга жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені оларкезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақтықолданылатын дәрежеге жетті.Мұнда ең басты атап айтатын нәрсе - А.Байтұрсынұлы бір топ терминдерді ғанаемес, бүкіл бір ғылым саласындағы арнаулы ұғымдардың атаулар жиынтығын,дәлірек айтқанда, терминдер жүйесін жасаған, Ғылымның дамуына орай ұғымдаржүйесінің ұлғайып отыруы табиғи құбылыс, Ахаң қалыптастырган терминдержүйесі де қазақ тіл білімі дамыған сайын жаңа элементтермен толыға түсуде.