Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер


Биліктің принциптері мен формалары



бет4/4
Дата16.12.2023
өлшемі37,35 Kb.
#139847
1   2   3   4
Байланысты:
философ билік

2.3.Биліктің принциптері мен формалары

Билік принциптері мен механизмдері дегеніміз – билікті құру мен жүзеге асыру барысында басшылыққа алынатын идеялар мен қағидалар. Яғни, биліктің кез келген принципі билік қандай болуы керек деген идеядан тұрады. Бұл принциптер төмендегідей:


1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына басымдық беру принципі;
2) Конституция мен құқықтың жоғарылық принципі. Биліктің өкілеттіктері мен құзіреттерінің бөлінуі құқық негізінде жүреді.
3) заңдылықты сақтау принципі. Мемлекеттік билік органдары заңға сәйкес құрылады және қызметінде үнемі заңдылықты қатаң сақтауы тиіс;
4) биліктің тармақтарға бөліну принципі;
5) мемлекеттік органдардың арасындағы қызметтердің ара-жігі ашылуы принципі;
6) демократизм принципі – халық биліктің қайнар көзі, сондықтан билікті сайлау мен өкілдері арқылы қалыптастыруға саяси қатысуы тиіс, билікке халықтық бақылау жасалады;
7) ғылымилық принципі – билікті жүзеге асыру ғылымның қол жеткізген жаңа жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Менеджмент, әкімшілік құқық, электронды үкімет, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, психология т.б. туындаған ғылыми жаңалықтарды билікке ендіру;
8) жариялылық принципі – билік органдарының ашықтығы, халықты тиісті ақпаратпен хабардар ету, биліктің халыққа есеп беруі;
9) мөлдірлік, яғни, транспаренттілік – билік қоғамдағы ресурстарды бөлу мен қайта бөлуді жүзеге асыратындықтан, мемлекеттік бюджеттің қалай және қайда жұмсалып жатқандығын халыққа ашық көрсетіп, есеп беруі тиіс. Бюджет – салық төлеушілердің, яғни, халықтың ортақ қазынаға жинаған қаржықаражаты. Сонымен қатар, билік органдарында қызмет етушілер табысы қандай екенін ашық декларациялауы шарт. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жасалады;
10) біліктілік пен кәсібилік принципі – билікті жүзеге асырушылар, билік органдарында қызмет етушілер атқаратын жұмыстарына кәсіби түрде дайындалған, білімі жоғары, біліктілігі талапқа сай кәсіби мамандардан 34 конкурстық негізде құралуы тиіс. Қажет болса біліктілігін арттырып, нұсқаулықтар алып отыруы қажет;
11) унитарлық немесе федерализм принциптері. Мемлекеттің әкімшіліктерриториялық құрылысына қарай жүзеге асатын ұстаным. Мысалы, Қазақстан унитарлы мемлекет болса, АҚШ, Ресей сияқты елдер федеративті. Сәйкесінше бұл елдер тиісті принципті таңдап, мемлекеттік билігін қалыптастырады;
12) мақсатты бағыттылық принципі – билік нақты идеологияға, идеяға, стратегия мен тактикаға сүйеніп, белгілі бір бағыт-бағдармен жүзеге асады;
13) бірізділік принципі – билік субъектілері ауысқанымен, биліктің бағыты, конституциялық қағидалардың сақталуы.
Кез келген билік түрін жүзеге асыр үшін жоғарыда аталған принциптермен қатар, төмендегідей механизмдер болуы шарт: 1) Заң шығарушы органдар (парламент, дума, рада, бундестаг, кеңес, жиналыс, құрылтай, кнессет т.б.) билікті заңнамалық қамтамасыз ету механизмін құрайды; 2) Атқарушы органдар (үкімет, министрлер кабинеті, әкімшіліктер, ведомстволар, агенттіктер, аймақтық мемлекеттік басқару органдары) қабылданған саяси шешімдер мен заңдардың орындалуын қамтамасыз ету механизмдері; 3) заңдылықтың сақталуын бақылаушы және қадағалаушы органдар (сот, арбитраж, прокуратура, тергеу органдары, есеп комитеттері), бақылауқадағалау механизмдері; 4) Билікке, заңға бағынуға мәжбүрлеу және құқық бұзушылықты жазалау механизмдері (армия, полиция, милиция, арнаулы органдар, пенитенциарлық жүйе, жалпы, құқық қорғау мекемелері). Бұл механизмдер бірін-бірі толықтырып, қолдай отырып үйлесімді әрекеттеседі. Билік механизмдері бір бірімен өзара тәуелді байланысты. Билік механизмдерінің белгілері: - тұтастық – кез келген мемлекеттегі билік біртұтас, бір елдің аумағында бірнеше мемлекеттік аппарат болуы мүмкін емес (екі парламент немесе үш үкімет дегендей);
- иерархиялық – билік механизмін іске асырушы органдар мен мекемелер ішкі ұйымдастырушылық тәртіпке сүйенетін, субординация сақтай отырып үйлестірілетін, сатылы немесе пирамидалық пішіндегі күрделі құрылым болып табылады;
- ерекше құрам – билік механизмдерін орындаушы мемлекеттік билік органдары арнайы білімі мен дайындығы бар кадрлардан жасақталады;
- қызметтерінің арнайы мақсаттылығы
– әр механизмнің өзіндік мақсаты мен атқаратын қызметттері бар;
- материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі (ғимараттармен, техникамен, құрал-жабдықпен, т.б. қажетті керек-жарақтармен). Дэвид Осборн мен Тэд Геблер (АҚШ) «Үкіметті қайта құру» («Reinventing Government») атты еңбектерінде басқарудың бюрократиялық моделінің 35 кемшіліктерін талдайды. Олар мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерін жаңғыртудың он принципін көрсетеді:
1. Ынталандыра отырып басқару: басқару ұрсу немесе желкелеу емес.
2. Адамға қарай бет бұрған басқару: өкіл ретінде қызмет ету емес.
3. Бәсекелесуші басқару: қызметті ұйымдастыруда бәсекелестікті қолдану.
4. Ережелер мен құқықтық нормаларға сүйене отырып ұйымды қайта құру принципін ұстанатын басқару.
5. Нәтижеге бағытталған басқару: бастамалардан гөрі нәтижеге мән беру.
6. Тұтынушыға бағытталған басқару: басты орында бюрократияның емес, тұтынушының мүдделері.
7. Кәсіпкер сияқты басқару: талан-таражға салмай, керісінше, қолда барды сақтап, көбейте білу.
8. Көрегендікпен басқару: терапия емес профилактикаға сүйену.
9. Орталықсыздандырылған басқару: иерархияның орнына корпоративтік жұмыс пен жұмыла қатысу.
10. Нарықтық сипаттағы басқару: нарықтық өзгерістерге бейімделу.

Қорытынды


Билiк – қазақ халқының дәстүрлі санасында «ел басқару», «өкім ету» сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол «өкімет» атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылыққұқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, ісәрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі. Саяси және мемлекеттік билік. Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. Саяси билік – ол мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастыратын жүйе. Саяси билікке жататындар: қоғамда ресми қабылданған саяси топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, сайлау жүйелері мен сайлаушылар. Кейбір елдерде парламентті қалыптастыратын көппартиялық жүйе (Франция, Италия), ал кейбір елдерде екіпартиялық жүйе (АҚШ, Англия) орныққан. Саяси билік адамзат тарихында ежелгі заманнан бар. Мысалы, қазақ даласы тарихындағы ақсақалдар, ақсүйектер, билер кеңесі болса, ал славян халықтарында X-XIV ғасырларда вече, рада болды. Бұл саяси билік өзі тікелей билік етпегенімен, әулеттің көптеген өкілдерінің ішінен кім хан, кім князь болуын ұйғарып отырды. Бұл қазіргі демократия тәртібіндегі саяси партиялар мен әртүрлі қоғамдық топтарға ұқсайды. Ал мемлекеттік билік – саяси биліктің ұйғарған уәкілділігін іске асыратын жүйе. Сайлаушылар, саяси партиялар президент сайлайды, парламент қалыптастырады, яғни мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Саяси билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы, саяси партия саяси биліктің құрамында болғанымен, саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұсатаев Сейілбек Шаяхметұлы М85 Саяси билік /Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралы/. -Алматы, 2014.



  1. Бурова Е.Е., Карабаева А.Г., Кириллова Г.Р. Введение в философию и методологию науки (оқу қүралы). Алматы,1997




  1. Косиченко А.Г. Философия и методология науки (Аспиранттар мен магистрлерге арналған курс бойынша оқу қүралы). Алматы,1997



  1. Методы научного познания. Алматы: Ғылым,1996




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет