Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер


Билік ұғымына жалпы сипаттама



бет2/4
Дата16.12.2023
өлшемі37,35 Kb.
#139847
1   2   3   4
Байланысты:
философ билік

2.1.Билік ұғымына жалпы сипаттама
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болып, дамитын, кешегі мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғаушы құбылыс. Ол, ең алдымен, қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Биліксіз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Әдетте, «билік» деген сөз әртүрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.б. Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға және мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен, билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның құрылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, қоғамның ішкі және сыртқы өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де сипаттауға болады. Осы жағдайда өз ықпалының тиімділігін көтеру 14 үшін билік адамзаттың жинақтаған саяси мәдениетін, оның қандай да бір аспектілерін өз жағдайына, өзінің мәселелері мен міндеттеріне сәйкес өзектендіре отырып, қолдануы қажет. Сондықтан да билік шынайы өмірде көпнұсқалы болып келеді.
Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі.
Билік әрқашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену объектісі болған. Ол адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі:
1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін.
2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді бекіту үшін.
3) Қоғамдағы шаруашылық қызметін атқару үшін қажет.
Билік ұғымы саяси ғылыми әдебиеттерде әр түрлі жағынан түсіндіріледі. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мысалы, философтар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы. Социологтар әлеуметтік билік, экономистер шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар адамның өзіне деген билік, ата-аналар отбасы билігі туралы айтады.
Сонымен қатар құқық атқарушы және заң биліктері туралы түсініктер да бар.
Қазіргі саяси ғылым әдебиеттерде биліктің 5 анықтамасы кездеседі:
1. Бихевиористік анықтама бойынша билік бір адамның басқа адамның мінез-құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген ерекше мінез-құлық деп түсіндіріледі.
2. Телеологиялық анықтамада — билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің амалы дегенді білдіреді.
3. Инструменталистік анықтама бойынша — билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.
4. Структуралистік анықтамада — билік басқарушылар мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
5. Конфликттік анықтама бойынша қоғамдағы игіліктерді даулы жағдайларды бөлісу, үйлестіру, құрастыру амалдары ретінде түсіндіріледі.
Жалпы алғанда билік дегеніміз қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.
Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді».
Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.
Сонымен, саяси билік деп қоғамдағы адамдардың, не сол адамдардан құрылатын әр түрлі әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-әрекетінің бағытына, сипатына және мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық т.б. механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкіндік.
Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді — ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік-әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы да болалады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет